Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балжан Бидаш хан сарайындай зәулім үйін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Экс-кешьюлық ару Балжан Бидаш бес жылға жуық уақыт бойы салынған зәулім үйін көрсетті. Әншінің сөзінше, ол үйдің дизайнын өзі ойластырып, құрылыстың басы-қасында жүріпті деп хабаралйды KAZ.NUR.KZ.

Балжан Бидаш зәулім сарайын көрсетті (видео)
Фото: instagram.com/b.i.d.a.s.h, видеодан кадр: UGC

НТК аранасының "Жұлдызды weekend" бағдарламасы өнер иесінің үйінде қонақта болып қайтты.

Әншінің сөзінше, үш қабатты үйдің құрылысына бірнеше жыл кеткен. Қазіргі таңда құрылыс жұмысарты әлі түгелдей бітпеген.

"Бір жыл жер алып қойып, одан кейін асықпай құрылысына кірістік. Бірақ әлі толық біткен жоқ. Жөндеу жұмысын жасаған адамдар түсінетін шығар. Құрылыс деген бітпей кетеді екен.
Ата-анам Қызылорда облысында жұмыс істейді. Үлкен ағам осында. Ол әншілерге ән жазады. Мен қаланың ішінде тағы бір пәтерім бар. Қай жаққа барғым келеді, сол жерге келе саламын", -дейді ол.

Өнер иесі үйдің дизайнын өзі ойластырып, минимализм стилін таңдағанын алға тартты.

"Көп үйлерде сары-жылтыр түстер қолданылады. Маған ол аса ұнамайды. Еуропалық стиль ұнайды. Үнемді әрі әсем болсын деп сол стильді таңдадым. Көк пен ақ түстер үйге жақсы жарасады. Суретте де әдемі көрінеді. Еденді де қою-қара етіп таңдадым.
Үйіміз үш қабатты. Төменгі қабатта қойма жіне студия бар. Ол жер әлі біткен жоқ. Ал бірінші қабатта бір бөлме мен ас үй ғана бар. Осы бір бөлмеде құдалар күтіледі", - деді ару.

Өнер иесінің сөзінше, ол тіпті, үйдің құрылысына қажетті заттарды базардан өзі сатып алып, тасыған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831407-balzan-bidas-zulim-sarajyn-krsetti-video/

pixel