Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда газдың жоқтығына наразылық білдірген әйелдер жолды жауып тастады

Опубликовано:

Өзбекстанның Хорезм облысы Шават ауданына қарасты елді мекенде бір топ әйел адам аудан орталығына баратын жолды жапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Фото: ca-news.org
Фото: ca-news.org: Facebook

Наразылық акциясы 9 желтоқсан күні таңертең Чигатой ауылында болған.

Алдын-ала мәлімет бойынша, газ тапшылығына байланысты ұйымдастырылған "шараға" он шақты әйел қатысқан.

Олар жол қозғалысын 3-4 сағатқа бөгегені анықталды.

Наразы тұрғындарды тәртіп сақшылары сабырға шақырып, үйлеріне тарқатты.

Кейінірек, аудандық газ басқармасы шенеуніктерінің прокуратураға шақыртылғаны белгілі болды.

Алайда жергілікті билік наразылық акциясы өткенін жоққа шығаруда.

Айта кетейік, басылым дерегінше, екі аптадан бері Өзбекстанның бірнеше өңірінде газ тапшылығына байланысты наразылық шаралары өтуде.

28 қараша күні "Куштепа" махалласының халқы Әндіжан қаласына баратын жолды жапса, 1 желтоқсанда Қарақалпақстанда Бустон ауылының тұрғындары жолды бірнеше сағат бойы жапқан.

Сол күні Ферғана облысында "Баркамол" махалласының тұрғындары да қала әкімшілігінің алдында жиналып, шенеуніктерге талап қойыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1831224-zbekstanda-gazdy-zoktygyna-narazylyk-bildirgen-jelder-zoldy-zauyp-tastady/

pixel