Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париждегі Путин мен Зеленскийдің кездесуі немен аяқталды

Опубликовано:

Франция астанасында үш жылдан бері алғаш рет өтіп отырған "норман төрттігі" кездесуінде көшбасшылардың қандай келісімге келгені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ресей Федерациясы президентінің баспасөз қызметі
Фото: Ресей Федерациясы президентінің баспасөз қызметі: Facebook

Германия, Ресей, Украина және Франция басшылары кездесу қорытындысын ресми мәлімдеді деп жазады РИА Новости басылымы.

Мәлімдеменің 3 тармақтан тұратыны айтылды: "Қақтығыс аймағындағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар", "Минск келісімінің саяси ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар" және "Жалғастыру".

Осы құжатқа сәйкес Донбасс туралы Минск келісімдері жұмыс үшін негіз болады. "Норман төрттігі" проблемалы аймақтың ерекше мәртебесі туралы келісуге мүдделі.

Одан бөлек, тараптар күштерді келесі жылдың наурыз айының аяғында 3 жаңа пунктте бөлуді қарастырды. Сондай-ақ жаңа өткізу пункттері үш күн ішінде ашылуы керек.

"Төрттік" қатысушылары 2019 жылдың соңына дейін Байланыс тобына "барлығы үшін" алмасуды аяқтауға шақырғаны айтылды. Әңгіме Донбасстағы қақтығысушы тараптар ұстап отырған адамдар жайлы болған.

Сондай-ақ, Байланыс тобы ұстап отырған адамдардың бәріне "Қызыл крестің" қолжетімді болуын қамтамасыз етуі керек.

Франция президенті Эммануэль Макрон "төрттік" келесі жолы төрт айдан кейін кездеседі деп уәде берді.

Болжам бойынша, келесі кездесудің тақырыбы Донбасстағы сайлауды ұйымдастыру болмақ.

Ресейлік көшбасшы кездесуге "өте пайдалы" деп баға берген. Сондай-ақ, Владимир Путин саммитке қатысқан әріптестеріне алғыс білдірген.

Ол ерекше алғыс сөзін Франция президенті мен Германия Федеративті республикасының канцлеріне айтты.

Сонымен бірге, Путин кездесу қорытындысы бойынша Минск келісімінің нәтижесіз екені анық болғанын атап өткен.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясы президентінің пікірінше, қорытынды құжат соғысушы тараптар арасында диалог орнатудың ерекше маңыздылығын анықтайды. Путин қақтығысты шешу үшін Мәскеудің бар күшін салатынына уәде берді.

Сонымен қатар, Владимир Владимирович жағдайды реттеу мәселесінде "жылулық" пайда болғанын атап өтті. Ол "норман төрттігінде" жасалған келісім дұрыс бағытқа жүруге негіз болады деп есептейді.

Путин жеткен нәтижелер туралы да еске салды.

Владимир Владимирович осы қақтығыс аймағында өмір сүретін жандарға ерекше назар аударды. Оның сөзінше, Франция, Ресей, Германия және Украина басшыларының кездесуінде айтылған сөздер осы адамдардың өмірін жақсартуы керек. РФ президентінің айтуынша, оны дәл қазір жасау керек.

Ал Владимир Зеленский өз кезегінде "төрттік" басшыларының кездесуі барысында жасалған келісімді орындауға Киевтің дайын екенін мәлімдеді. Украина президенті бұл "екі жақты қозғалыстағы жол" деп атап өтті.

Украиналық көшбасшының сөзінше, тек нақты әрекеттер барлығының бейбітшілікті қамтамасыз етуге дайын екендігін растайды.

Сондай-ақ Зеленский әлі де шешілмеген мәселелер қалғанын айта кетті. Украина президенті оны болашақта шешуге болатынына сенімді.

Ол Украинаны федерализациялауға келіспейтіндігіне ерекше назар аударды. Зеленский конституцияға сәйкес, Украинаның унитарлы мемлекет екенін, бұл принциптің өзгермейтінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол Донбасста өткізуге ниеттелген сайлауға қатысты да өз пікірін айтты. Зеленскийдің сөзінше, сайлау Украина заңнамалары мен ЕҚЫҰ стандарттарына сай өткізілуі тиіс.

Одан бөлек, Зеленский бітім жасау ережелерін қалай бақылауға болатынын әзірге түсінбегенін айтты. Ол бұған дейінгі келіссөздердің үзіліп қалғанын алға тартты.

"Төрттік" көшбасшыларын қабылдаған француз президентінің айтуынша, Донбастағы жағдайды реттеу бүкіл Еуропа континентіндегі тұрақтылыққа үлкен әсер етеді.

Сонымен қатар, кездесу қатысушылары "Штайнмайер формуласын" ұстануға уағдаласты. Бұған ерекше назарды неміс канцлері Ангела Меркель аударған. Оның айтуынша, бұл жағдайда "Минск келісімдерін толықтыру" туралы сөз болып отыр.

Меркельдің сөзінше, әңгіме сайлау кезінде Донбассқа ерекше мәртебе беру мен оларды бағалау туралы болмақ. Осыдан кейін тұрақты түрде мұндай мәртебені енгізу туралы айтуға болады.

Айта кетсек, "норман төрттігі" бірнеше жылдан кейін алғаш рет кездесіп отыр. Саммит аясында Ресей мен Украина басшылары жеке танысты. Кездесу абыржып басталды. Зеленский ортақ үстелдегі ресейлік көшбасшының орнына отыра жаздаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1831156-parizdegi-putin-men-zelenskijdi-kezdesui-nemen-aaktaldy/

pixel