Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал визажист 30 жасқа толған күнін дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Опубликовано:

Танымал визажист Санди Бексырға 30 жасқа толғанын атап өтті. Сән-салтанаты жарасқан мерекелік кеш Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандық танымал визажист 30 жасқа толған күнін дүркітетіп өткізді (фото, видео)
Фото: instagram; Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Көңілді кеш 9 желтоқсан күні орын алды.

Санди Бексырғаның туған күнін белгілі шоумен Руслан Искаков және оның командасы жүргізді.

Визажистің қуанышында сазгер Арман Дүйсенов, эстрада жұлдыздары Жанар Айжанова, Зарина Омарова, Мақпал Исабекова, Мөлдір Әуелбекова, продюсер Нұрлан Қоянбаев пен Ерлан Әлім, сондай-ақ, кино актерлері Жахан Утарғалиев, Рауан Рамазанұлы, Айдар Асқарбек бой көрсетті.

Олардан бөлек, танымал тележүргізуші Нұрсұлтан Есжан мен дизайнер Наиль Байкучуков шақырылған қонақтардың тізімінен табылды.

Фото, видео кадрларынан мерекелік кешке келгендердің ақ түсті киім кигенін байқауға болады.

Желі оқырмандары "визажисттің туған күні жоғары дейгейде ұйымдастырылған" деген бағасын берді.

Олар арнайы дресс-кодты, ресторанның безендіруін, жанды дауыстағы музыканы, көңілді атмосфераны, фотозонаны, кеш барысында ұйымдастырылған лотореяны, қызықты ойындарды сөз етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1831136-otandyk-tanymal-vizazist-30-zaska-tolgan-knin-drkitetip-tkizdi-foto-video/

pixel