Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы балабақша күтушісі бір жасар баланың өлімі жайлы баяндады

Опубликовано:

Ақтауда бірнеше күн бұрын бір жасар бала жекеменшік балабақшада көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы белгілі болды деп хабаралйды KAZ.NUR.KZ.

Ақтаудағы балабақшада көз жұмған баланың өлімі жайлы күтуші айтып берді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бүлдіршін аталған балабақшаға алғаш рет келген. Көп ұзамай ол сол жерде көз жұмды. Бала күтушісінің сөзінше, бала ұйықтап, содан кейін көзін ашпаған. Ол бүлдіршіннің төсекте көгеріп жатқанын көріпті.

"Астана" арнасының тілшілері көп балалы ананың күйеуімен бірге жалдаған пәтерінде болып қайтты. Бұл отбасының 5 баласы бар. Әйел адам басқа балаларға қарайлап, ақша таппақшы болған.

Бала күтушісінің сөзін жеткізген дәрігерлер баланың жылағанын айтты. Ал түсте бүлдіршін ұйықтап қалыпты. Біраз уақыттан кейін әйел оның көгеріп жатқанын көріп, бірден "жедел жәрдем" нөміріне хабарласқан.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, бригада келген уақытта бала пәтердің кіре берісінде жатқан екен. Одан өмірдің белгілері анықталмаған. Ол кезде бұл жерде бүлдіршіннің ата-анасы мен тәрбиешісі болған.

"Жедел-жәрдем" стансасында ата-ананың бүлдіршіннің қайтыс болғанына сенбей, жан сақтау шараларын жасауды сұрағанын айтты.

Сол себепті балақай медициналық мекемеге жеткізілді. Бірақ одан еш өзгеріс болмады. Атап өтілгендей, дәрігерлер баладан зорлық-зомбылық белгілерін анықтамады.

Кейінірек анықталғандай, қайтыс болған бала қандай да бір аурулар бойынша есепте тұрған жоқ.

Полицияда іс қозғалғаны туралы хабарланды. Әзірге бала күтушісі куәгер ретінде өтіп жатқандықтан, ұсталған жоқ.

Қазіргі таңда сарапшылар өлімнің себебін анықтауда. Нәтижелер 30 күннен кейін дайын болады.

Автор: С. Султангереева

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның басында актаулық балабақшада бір жасар баланың қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Белгілі болғандай, қайғылы оқиға жекеменшік балабақшада орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831134-aktaudagy-balabaksa-ktusisi-bir-zasar-balany-limi-zajly-baandady/

pixel