Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ең көне Никольский базарын бұзып тастамақшы (фото)

Опубликовано:

Алматының орталық жағында орналасқан ең көне сауда орындарының бірі – Никольский базарын бұзып, оның орнына заманауи сауда орталығын тұрғызу жоспарлануда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Никольский базары. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Никольский базары. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

Оңтүстік астананың байырғы тұрғындарына етене таныс базардың маңында Свято-Никольский соборы, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақ орналасқан деп жазды Sputnik Қазақстан.

Бұл жерде күнделікті тұрмысқа қажетті кез-келген тауарды табуға болады – азық-түлік, көкөністер, жемістер, электроника және тағы басқалары.

Никольский базары. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Никольский базары. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

Сонымен қатар, Никольский базарында аяқ киім мен киім-кешек сататын шағын дүкендер да бар. Алайда, олардың бағасы әдетте арзан емес. Сатушылардың айтуынша, бұл жалдау ақысының қымбат болуымен байланысты. Жақында бұл ғимараттардың бұзылатыны белгілі болды.

Никольский базары. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Никольский базары. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

Базадың әкімшілігі тілшілерге мәлімдегендей, жергілікті саудагерлерге сияқты оларға да хабарлама берілген. Онда сауда орнының жылдың соңына дейін ғана қызмет ететіні көрсетіліпті. 1 қаңтардан бастап бұл жер босатылуы тиіс, себебі, сауда орталығының құрылысы басталады.

Никольский базары. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Никольский базары. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

Базар басшылығының айтуынша, қазір 70 саудагер контейнерлерді жалға алып отыр. Олардың 12-сі кәсіптерін ары қарай жалғастыратын орын тапқан. Ал қалғандарына әкімдік көмек көрсетуге уәде беріпті.

Сәулетші Алмас Ордабаевтың пікірінше, аталған сауда аумағының ешбір мәдени немесе тарихи құндылығы жоқ. Ал 1908 жылы салынған Свято-Никольский соборының маңызы зор. Сәулетші базардың жойылуы оған еш әсер етпейтінін алға тартты.

Никольский базары. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Никольский базары. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

Ал КСРО кезінде оңтүстік астана жайлы әсерлі әңгімелерімен танымал болған жазушы Халид Амин басқа пікірді ұстануда. Ол Никольский базарының бұзылуы Одессадағы әйгілі "Привозды" жоюмен бірдей екенін жеткізді.

Никольский базары. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Никольский базары. Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

Оның айтуынша, бұл жерде Ұлы Отан соғысы кезінде адамдар түрлі мүліктерін азық-түлікке айырбастап, жандарын аман алып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831031-almatydagy-e-kne-nikolskij-bazaryn-bzyp-tastamaksy-foto/

pixel