Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бьюти тренд: Жастар неге "шайтан ерін" жасатуға құмартып барады

Опубликовано:

Бүгінде қыздар арасында жаңа бьюти-тренд белең алып барады. Хайп қуған бұрымдылар қойып, тепсе темір үзетін жігіттердің өзі ерекше ерін жасатуға құмартқан. Бұл процедураның денсаулыққа зияны бар екені рас па? Әуестіктің арты әдетке айналып кетуі мүмкін бе? Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Еуразия бірінші арнасының видеосынан кадр
Фото: Еуразия бірінші арнасының видеосынан кадр: Facebook

Биылғы қыс мезгілі бьюти индустриядағы осындай жаңалықтан басталды. Шетелде бірнеше уақыт бұрын белең алған бұл тенденция, елімізде етегін енді жайып келеді. Косметолог маманның айтуынша, оларға арулардың көбісі "шайтан ерін" жасату үшін жүгінеді.

"Бізге келетін қыздардың көбі «шайтан ерін» жасап беруін сұрайды. Бұл өте оңай процедура. Гиалурон қышқылын енгізу арқылы, ерінге осындай форма жасатамыз, болды. Ол 6 ай бойы тұрады. Кейін ерін өз қалпына келеді. Егер барлық нормалар сақталса, ертең ешқандай іздер де қалмайды. Ал егер сақтық шаралары қолданылмаса, онда аллергия пайда болып, беттегі тыртықтың іздері мүлдем кетпей қалуы мүмкін", - деді косметолог Камила Жұмаділ.

Жастар қауымы "шайтан ерінді" ұнатқаннан емес, танымал болғысы келетіндіктен жасататын көрінеді. Көпшілікке төсін ашып танылған Динагүл Тасова мұндай процедураны қолдамайтын болып шықты.

"Сол арқылы мен назар аудартамын, маған көңілі ауады, подписчигім көбееді немесе маған жазылған пікірлердің саны көбееді, мен өзіме солай жарнама жасаймын деп ойласа, онда мүлдем қателеседі. Мен қанша сән әлемінде жүрсем де, жаңағыдай еріндерді жасатпайтын едім, оданша кеуде жасатсын", - деді Тасова.

Хайп қуған нәзік жандардан бөлек тепсе темір үзетін ер адамдардың мұндай ерін жасатқаны көпшілікті таңырқатып отыр. Психолог маманның айтуынша, жастар кез келген нәрсеге әуес келеді. Алайда, әуесті дер кезінде тоқтатпаса, бұл әдетке айналып кетуі мүмкін.

"Заманнан қалып қоям, еркін өмір сүре алмай қаламын деген қорқыныштың белгісі болады. Жастарда әрбір нәрсеге бір әуес болады. Егер ол әуес уақытында тоқтатылмаса, оларға дұрыс түсіндірілмесе, онда бұл әуес әдетке айналуы мүмкін. Сондықтан әуесті әуес кезінде тоқтатқан өте маңызды", - деді психолог Ержан Мырзабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831016-buti-trend-zastar-nege-sajtan-erin-zasatuga-kmartyp-barady/

pixel