Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерулік" дәстүрі жайлы не білесіз

Опубликовано:

Қазақ халқының кеңпейілділігін, жомарттығын, қонақжайлылығын паш ететін дәстүрлердің бірі — ерулік беру. Бұл салт жайлы KAZ.NUR.KZ massaget.kz порталына сілтеме жасап жазады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Жаңа қонысқа көшіп келген жанұя алғашында сол ортаға үйренісе алмайтыны белгілі.

Сол себепті дана халқымыз ерулік беруді ойлап тапқан.

Басылым мәліметінше, бұрыннан отырғандар көшіп келгендердің үйін тігісіп, барлық көрші болып, кезек-кезек қоныстанушыларды бала-шағасымен қосып, түгел үйлеріне шақырып, танысып, білісіп кетуге жағдай жасайды.

Осылайша етене жақын араласудың арқасында бөтен адамдар туыстардай бауыр басып кетеді.

Егер көшіп келгендер жас отау болса, оларға ыдыс-аяқ сияқты ұсақ-түйек, бірақ күнделікті қажетті дүниелерді де тарту ететін болған.

Қазіргі уақытта әсіресе, үлкен қалаларда бұл дәстүр өкінішке орай, ұмытылып барады.

"Көршіңіз кім?" деген сұраққа, "неше жыл тұрсам да білмеймін, танымаймын" деп жауап беретіндер көбейіп кетті.

Айта кетейік, ерулік дәстүрінің арқасында жер аударылған корей, шешен халықтары қазақ жеріне бауыр басып, сіңісіп кетті. Тіпті олардың біразы тарихи туған жерлеріне қайта оралса да, қазақ халқының жақсы қасиетін ұмытпай айтып жүретіндігі басылым беттерінде айтылуда.

Сол себепті асыл дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру - сарқылмас қазынамызды сақтап қалу болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830993-erulik-dstri-zajly-ne-bilesiz/

pixel