Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 500 мыңыншы тұрғын дүниеге келді

Опубликовано:

Қала әкімі Мавр Абдуллин облыстық перинаталдық орталықта бүгін түнде өмірге келген сәбидің анасы Эльвира Досқалиді құттықтап барды. Оның сәбиі Жалғасбай Әлинұр Тәңірбергенұлы Ақтөбе қаласының 500 мыңыншы тұрғыны болды.

Ақтөбеде 500 мыңыншы тұрғын дүниеге келді
Фото: Акимат г.Актобе: Facebook

Кішкентай Әлинұр ата-анасының төртінші ұлы, салмағы — 3,6 келі, бойы —53 см. «Мені құттықтағаныңыз үшін көп рахмет. Биыл Ақтөбенің 150 жылдығы екенін білемін. Ал менің сәбиім қаланың 500 мыңыншы тұрғыны болады деп кім ойлаған? Бұл күтпеген қуанышты жаңалық болды біз үшін», — деді Әлинұрдың анасы Эльвира Досқали.

Ақтөбе еліміздің жарты миллион тұрғыны бар батыс аймақтағы іргелі шаһарына айналды. Қала халқының саны жыл санап артып келеді. Қалада өткен жылдың 11 айында 11 939 бала, ал биылғы 11 айда 12 263 бала өмірге келді.

Ақтөбеде 500 мыңыншы тұрғын дүниеге келді
Фото: Акимат г.Актобе: Facebook
«Биыл Ақтөбе қаласына 150 жыл толып отыр. Осы атаулы жылы Әлинұр 500 мыңыншы тұрғын болып өмірге келді. Әлинұр елге қызмет қылатын үлкен азамат болсын, еңбексүйгіш ұл боп өссін. Сіздер жақсы тәлім-тәрбие береді деп сенеміз», — деді қала әкімі Мавр Абдуллин.

2019 жылғы 1 қазандағы мәліметке сәйкес, Ақтөбе қаласы Қазақстан қалалары арасында халық саны бойынша төртінші орынға шықты. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы Батыс Қазақстанның ең көп қоныстанған және осы көрсеткіш бойынша Алматы, Нұр-Cұлтан, Шымкент қалаларынан кейінгі елдегі төртінші қала болып табылады.

Айта кету керек, Ақтөбе қаласында бала туу өсімінің тұрақты оң динамикасы байқалады. Егер өткен жылдың 11 айында 11 939 бала дүниеге келсе, ағымдағы жылдың ұқсас кезеңінде 3% - ға артық, яғни 12263 бала тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830799-aktbede-500-myynsy-trgyn-dniege-keldi/

pixel