Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Instagram желісіне енген жаңа өзгеріс елді елең еткізді

Опубликовано:

Instagram әлеуметтік желісі бұдан былай қауіпсіздік мақсатында аккаунт ашу кезінде қолданушының жасын сұрайтын болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісі ресми түрде хабарлады.

"Бүгінгі күннен бастап Instagram-да аккаунт ашу барысында туған күнін сұрауды бастаймыз. Біздің қолдану шарттарымызға сәйкес, көптеген елдерде өзіңіздің жеке парағыңыз болу үшін кем дегенде 13 жаста болуыңыз керек", - делінген баспасөз қызметі.

Жеке мәліметтер басқа қолданушыларға көрінбейтіні де хабарланды. Әлеуметтік желі өкілдерінің сөзінше, мұндай жаңашылдық балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың артық ақпараттардан қорғамақ.

Сондай-ақ, Instagram желісінің жаңа талабында қолданушы өзіне хабарлама жіберетіндер тізімін реттей алады. Яғни қолданушылар өздеріне жазылмаған адамның жіберген хабарламаларын көрмейді.

Айта кетсек, Instagram әлеуметтік желісі - фото мен видео алмасатын қосымша. Ол Марк Цукербергтің Facebook компаниясының меншігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830557-instagram-zelisine-engen-zaa-zgeris-eldi-ele-etkizdi/

pixel