Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Мүкей 19 жыл бұрын қандай болғанын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей осыдан 19 жыл бұрын түрі қандай болғанын қалың көпшілікке жасырмай көрсетті. Жас кезіндегі фотосын жариялаған БАҚ өкілін желідегілер қызу талқыға салып, бұл уақыт аралығында оның бет-әлпетінде орын алған өзгерістерді тізбектей бастаған жеп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aigulmukei. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aigulmukei. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айгүл Мүкей 2000 жылы түсірілген суретін өзінің Instagram парақшасына салған. Аталмыш фото бірден желі қолданушылары тарапынан сансыз пікірлерге ие болды.

Кейбірі танымал тележүргізушінің табиғи сұлулығын сақтап қалып, еш өзгермегенін айтып жатса, енді бірі оны бет-әлпетін өзгертіп алғаны үшін сынаған.

"20 жылда ерніңіз үлкейіп кеткен сыңайлы" , "Керемет, осы бет-әлпетіңізбен есте қалып қойдыңыз" , "Сіз бүгінде әлдеқайда сұлусыз" , "Жас кезіңізге қарағанда, қазіргі таңда тартымдырақ сияқтысыз" , "Қандай табиғи сұлулық" ,
"Бүгінде түрлі процедураның арқасында түрі өзгеріп кеткен ғой деймін","Қай уақытта да әдемісіз" , "Бүгінде әлдеқайда сүйкімдірек әрі әдемірексіз" , "Сол қалпы өзгермегенсіз, тек еріндеріңізді үлкейтіп алғаныңыз болмаса" , "Мүлдем басқа адам" , "Қатты өзгермегенсіз, сұлусыз" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830449-ajgl-mkej-19-zyl-bryn-kandaj-bolganyn-krsetti-foto/

pixel