Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тиімді ме? Таксопарк иесі төрт су жаңа көлікті несиеге сатып алды

Опубликовано:

Таксопарк иесі Санжар Алтаев Еуразиялық банк ұсынған бағдарлама арқылы төрт су жаңа көлікті несиеге қалай сатып алғанын айтып берді.

Фото: Еуразиялық банк
Фото: Еуразиялық банк: Instagram
"Көбісі менен не үшін жаңа авто сатып алғанымды сұрап жатыр. Барлығы дерлік бұл мүлдем тиімсіз деп есептейді. Әрине, егер сіз көлікті бірден ақшалай сатып алсаңыз тиімсіз екені рас" , - деп жазды таксопарк иесі Санжар Алтаев өзінің Instagram желісіндегі @sanzhar_taxi парақшасында.

Санжар Еуразиялық банктің "Бизнес Авто Яндекс Такси" атты автонесиелендіру бағдарламасының клиенті атанды. Бұл жоба аясында 14%-ға (ЖТСС - 15,8%) 20 миллион теңгеге дейін несие ашылады.

"Біз оларды тек алғашқы 20%-дық төлемді құйып қана сатып алдық. Қалған соманы бізге Еуразиялық банк қаржыландырып берді. Жақында олар таксопарктерді қаржыландыру бойынша бағдарламаны іске қосты. Біз, сол бағдарлама бойынша алғашқылардың бірі болып көлік алдық. Үш жылға шаққандағы артық төлеу аса көп емес. Тез арада тіркеп берді, айыппұл санкцияларынсыз мерзімінен бұрын өтеуді кез келген уақытта іске асыруға болады. Керемет" , - деп жалғастырды Санжар өз жазбасында.

Аталмыш бағдарламаға қатысу үшін қазақстандық кәсіпкерлерге бар-жоғы төрт құжат қажет:

1. Жеке куәлік.

2. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары немесе жеке кәсіпкерлерді тіркеу куәлігі.

3. Соңғы есептік жылдың салықтық мағлұмдамасы.

4. Автосалоннан сатып алынып жатқан көлік жайлы толығырақ ақпараты бар анықтама қағазы (шыққан жылы, шығарған ел, маркасы және т.б).

«Шынымды айтсам, осыған дейін мен банктегі қаржыландыруға қатысты сенімсіздікпен қарағанмын. Сол себепті, мен өмірімде алғаш рет компанияға несие алып тұрмын. Не айтсам болады, маған бәрі ұнады. Бүгін брендтап, қысқы резеңкені киіп, жолаққа шығамыз" , - деп толықтырды Санжар.

Несиені ашуға қатысты оң шешім шыққан жағдайда Еуразиялық банк бұл туралы клиентті хабардар етеді. Ол өз кезегінде өтініші мен қажетті құжаттарын алып, "Даму" қорына жүгінуі қажет. Қорда клиентті субсидиялауға қатысты шешім шығарылып, хаттаманың көшірмесі міндетті түрде банкке жіберіледі. Осыдан кейін ғана кәсіпкер, банк және "Даму" қоры қарызды субсидиялауға қатысты үш жақты келесімшарт құрастырады.

Банк кәсіпкерлерге жаңа автолармен қатар, автосалоннан ұсталынған көліктерді де сатып алуға қарыз ұсынуға дайын.

Айта кетерлігі, Еуразиялық банк Қазақстанда кіші және орта бизнес үшін автонесие беретін аздаған қаржылық ұйымдардың бірі болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830362-tiimdi-me-taksopark-iesi-trt-su-zaa-klikti-nesiege-satyp-aldy/

pixel