Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диетолог кеңесі: "Сельд под шубой" салатын кімдерге жеуге болмайды

Опубликовано:

Алда жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Барлық отбасы ғажайып кешке орай ақ дастархан жайылып, мәре-сәре болады. Тіпті, дәстүрге айналып кеткен, міндетті түрде дайындалатын ас түрлері де бар. Мәселен "оливье салаты", "сельд под шубой" сынды салаттар. Осы ретте диетолог мамандар "сельд под шубой" салатын кейбір адамдарға жемеуге кеңес береді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: friendcook.ru
Көрнекі фото: friendcook.ru: Facebook

Диетолог дәрігер Елена Соломатинаның айтуынша, "сельд под шубой" салатының құрамында майлар, көмірсулар көп болғандықтан және әртүрлі қоспадан тұратындықтан ол адам ағзасына ауырлық туғызуы мүмкін.

Маманның сөзінше, бұл салат гликемиялық индексі жоғары адамдарға зиян. Яғни кімнің диабеті болса, ол жандар жаңа жылдық үстелден басқа тағамдарды жегендері дұрыс.

"Бұл тағамның құрамында көкөністер бар сияқты әрі олар пайдалы болып көрінеді. Алайда қайнатылған күйінде емес. Термиялық өңдеу кезінде бұл ингредиенттер қандағы глюкоза деңгейін жоғарылататын крахмалды бөліп алады", - деді ол.

Одан бөлек, атеросклерозден зардап шегетін, холестерин деңгейі жоғары адамдарға да "сельд под шубой" салаты жеуге кеңес берілмейді. Өйткені астың ең негізгі қоспасы - тұзды майшабақ.

"Бәріңізге белгілі болар, тұз - организмдегі сұйықтықты тежейді. Қан тамырлары ісініп, қысым көтеріледі. Кімнің гипертониясы бар болса, сол адамдарға бұл өнім қосылған салатты да, оның таза түрінде де жемеуге кеңес беремін", - дейді диетолог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830308-dietolog-keesi-seld-pod-suboj-salatyn-kimderge-zeuge-bolmajdy/

pixel