Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда босанған аналарға қанша ақша беріледі

Опубликовано:

Дүниеге сәби әкелген әр анаға әлеуметтік төлемдер берілуі керек. Еңбекке жарамсыздығына байланысты бала бір жасқа толғанға дейін ай сайын жәрдемақы төленеді. Босанған аналарға қандай сомада жәрдемақылар қарастырылғанын KAZ.NUR.KZ-тің материалынан оқыңыз.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Қазақстанда жұмыс істейтін немесе жұмыссыз қыз-келіншектерге балалы болуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірдей беріледі.

Мәселен бірінші, екінші және үшінші бала үшін аналарға 38 АЕК төленеді. Ал төртінші және одан кейінгі әр бала үшін 63 АЕК мөлшерінде жәрдемақы қарастырылған.

Айта кетейік, 2019 жылы 1 АЕК 2 525 теңгені құраса, 2020 жылы 2 651 теңгені құрайды.

Демек, 2019 жылы туған бірінші, екінші және үшінші бала үшін 95 950 теңге берілсе, төртінші және одан кейінгі нәресте үшін 159 075 теңге төленеді.

Ал 2020 жылы дүниеге нәресте әкелген аналар сәйкесінше, 100 738 және 167 013 теңге ала алады.

Жұмыс істемеген немесе ресми табысы болмаған аналарға бала дүниеге келген соң бір жыл бойы бекітілген ай сайынғы жәрдемақы төленіп тұрғады. Олардың мөлшері төмендегідей:

2019 жылы бірінші бала үшін – 5,76 АЕК, яғни 14 544 теңге, ал 2020 жылы – 15 270 теңге.

2019 жылы екінші балаға – 6,81 АЕК – 17 195 теңге, 2020 жылы – 18 053 теңге.

2019 жылы үшінші балаға – 7,85 АЕК – 19 821 теңге, 2020 жылы – 20 810 теңге.

Төртінші және одан кейінгі нәресеге 2019 жылы – 8,9 АЕК – 8,9 АЕК, 2020 жылы – 23 593 теңге.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ал ресми түрде жұмыс істейтін әйелдерге арналған ай сайынғы төлемдер біршама өзгеше.

Оның көлемін анықтау үшін соңғы екі жылдағы орташа айлық табыс мөлшерін есептеу қажет. Жалақы мен 10 пайызы зейнетақы қорына аударылған басқа да төлемдер есепке алынады. Көбісі бұл ақпаратты БЖЗҚ көшірмесі арқылы алады.

Осылайша, соңғы екі жылдағы барлық ресми табыстарды қосып, жиналған соманы 24 айға бөлеміз. Шыққан соманың 0,4 бөлігі ай сайын босанған анаға берілуі тиіс. Тағы 10 пайызы жеке зейнетақы шотына аударылу қажет.

Нәтижесінде, олар 12 ай бойы соңғы екі жылдағы орташа жалақысының 36 пайызын алып отырады.

Сондай-ақ жұмысбасты аналарға табысынан айырылуына байланысты жүктілік пен босану бойынша қосымша біржолғы әлеуметтік төлем қарастырылған. Ол жүктіліктің 30-шы аптасынан бастап беріледі.

Біржолғы төлем уақытша еңбекке жарамсыздық парағы деректерінің негізінде есептеледі. Аталған құжатты дәрігер қалыпты босану жағдайында 126 күн мерзімге береді. Күрделі жағдайларда тағы 2 апта қосылады.

Төлем мөлшерін есептеу үшін соңғы бір жыл ішіндегі орташа айлық табыс көлемі қаралады. Орташа жалақы дәрігердің белгілеген еңбекке жарамсыз айларына көбейтіледі.

Егер стандартты 126 күн болса, бұл сома 30-ға бөлінеді. Сонда 4,2 ай шығады.

Мысалы, соңғы жыл ішінде орташа жалақы 100 мың теңге болса, біржолғы әлеуметтік төлем мөлшері 420 мың теңгені құрайды. Одан тағы 10 пайызын зенейтақы қорына аламыз. Сонда қолға 378 мың теңге беріледі.

Аталған төлемдерді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, немесе электрондық үкімет сайтына өтінім беруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1830300-kazakstanda-bosangan-analarga-kansa-aksa-beriledi/

pixel