Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өнерге жақын": Қалыңдық атанған Балжан Бидаштың сүйіктісі кім (фото)

Опубликовано:

"Кешью" тобында өнер көрсетіп, қалың көпшілікке танылған Балжан Бидаштың жүрегін жаулаған сері жігіттің кім екені анықталды. Ол бірінші желтоқсан күні "Жыл таңдауы" жобасында бүкіл елдің көзінше әнші аруға үйленуге ұсыныс жасаған болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKz" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/ussen_balzhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/ussen_balzhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Балжан Бидаш күтпеген жерден болған тосын сыйдан кейін алған әсерімен бөлісті.

"Шын айтсам, бір түрлі сезімде болып қалдым. Өйткені, күтпеген жерден болды. Қатты қобалжып кеттім. Нестерімді білмей қалдым. Қаншама адам көріп отыр. Ертең миллиондаған адам көреді деген сияқты" , - дейді өнер иесі.

Әнші журналистерге берген сұхбатында үйіктісі туралы да айтып берді. Анықталғандай, әншінің таңдауы 1992 жылы туған Үсен есімді жігітке түскен. Олар гастрольдік сапарлардың бірінде танысқан болып шықты.

"Ол кісі әртіс болмаса да, өнерге жақын жүрген адам. Сол себепті, ол менің өнерімді бағалайды. Қарсылық көрсетпейді, керісінше, қолдайды" , - дейді әнші ару.

Ал үйлену тойы қай күні болатынын сұраған журналистерге, өнер иесі бұл сауалдың жауабын әлі өзі де білмейтінін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Балжан Бидашқа сүйіктісі сахнаның қақ ортасында үйленуге ұсыныс жасағанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830266-nerge-zakyn-kalydyk-atangan-balzan-bidasty-sjiktisi-kim-foto/

pixel