Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Бүгін Президент әкімшілігі мен Тараз қалалық мәслихатының келісімімен және Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айтқазы Қарабалаев. Фото: z-taraz.kz
Айтқазы Қарабалаев. Фото: z-taraz.kz: UGC

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов қала активіне шаһардың жаңа басшысын таныстырып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Айтқазы Қарабалаев еңбек жолын қала әкімдігінен бастаған. Сондай-ақ, Жуалы, Талас аудандарының әкімі, бүгінге дейін "ҚазТрансГаз Аймақ" Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры лауазымдарында қызмет атқарып келген.

Еске сала кетейік, Таразда мектеп оқушысының зорлануы туралы ақпарат елді дүр сілкіндірді. 12 жастағы қыз сабақ уақытында дәретханаға шығып, сол жерде педофилдің құрбаны болған.

Полицейлер ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ізін суытпай құрықтады. Оқушыны мектеп дәретханасында зорлаған азаматты анықтауға бейнебақылау камералары көмектескен.

Ұсталған ер адам 38 жастағы үйленбеген, бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған азамат болып шықты. Ол Тараз қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Артынша күдіктінің осыдан бірнеше бұрын қыз зорлау фактісі бойынша сотталғаны анықталды. Ол төрт жыл түрмеде отырып, бір жылын шартты түрде өткізген.

Жантүршігерлік жайттан кейін мектеп директоры мен тағы үш қызметкер жұмыстан босатылды.

Сондай-ақ, бұл оқиғадан соң бірнеше полиция қызметкері жазаланып, мектеп инспекторы да қызметінен шеттетілген.

Оған қоса, облыстық білім басқармасының басшысы және қалалық білім бөлімінің басшысы да өз еркімен қызметінен кеткен еді.

Елдің үрейін ұшырған оқиғаға қатысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдіріп, облыс әкіміне шаһар басшысын қызметінен бостауды тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1830142-taraz-kalasyna-zaa-kim-tagajyndald/

pixel