Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалай өзгеріп жатқанына өзім куәмін": Қаржы министрі азық-түлік бағасы туралы айтты

Опубликовано:

Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында азық-түлік бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Twitter

Министр дүкенге жиі бас сұғып, үйге заттар сатып алатындығын, сол себепті бағаның қалай өзгеріп жатқанын өз көзімен көретінін жеткізді.

"Дүкендерге жиі барамын, апта сайын десе де болады, сондықтан бағалардың қалай өзгеріп жатқанына өзім куәмін. Жалпы, қараша айында еліміздегі инфляцияның жылдық мөлшері 5,4% құрады.
Иә, кейбір тауардың бағасы қайта-қайта қымбаттап жатса, ал кейбіреулері, керісінше төмендеген, тіпті кейбір баға сол қалпы тұрақты. Жалпы, бұл бізге инфляциялық процестерді белгіленген межеде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Әрине, өскен баға бірден көзге түсетіні белгілі. Бірақ біз бұл проблемамен айналысып жатырмыз және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны көтеру мәселесін ерекше назарда ұстаймыз, - деп атап өтті Смайылов.

Еске сала кетсек, осыған дейін сенат спикері Дариға Назарбаева республикалық бюджетті талқылау барысында азық-түліктің, әсіресе, еттің қымбаттауына алаңдаушылық білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830117-kalaj-zgerip-zatkanyna-zim-kumin-karzy-ministri-azyk-tlik-bagasy-turaly-ajtty/

pixel