Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жыл таңдауы" жобасында ерекше образымен есте қалған жұлдыздар кімдер

Опубликовано:

Күні кеше жұлдыздардың үздігін анықтайтын "Жыл таңдауы - 2019" музыкалық жүлдесі Алматада өтті. Ұлттық марапат иегерлері арасында отандық шоу-бизнестің жарық жұлдыздарымен қатар шетелдік әншілер де бар. Осы орайда KAZ.NUR.KZ редакциясы "Жыл таңдауы - 2019" үздіктерінің образын ұсынады.

"Жыл таңдауы" жобасында ерекше образымен есте қалған жұлдыздар кімдер
Коллаж: KAZ.NUR.KZ: UGC

Дәстүрлі музыкалық жоба "Алматы алаңында" дүркіреп өтті. Сахнада ән шырқаған өнер иелері көпшілікті сазды әуенімен ғана емес, ерекше образдарымен де таңғалдыра алды.

Мәселен түрлі образдарымен көпшіліктің түрлі сынына ұшырап жататын Кәмшат Жолдыбаева бұл жолы кешке ашық жасыл түсті қысқа көйлекпен келген.

"Кешью" тобының тағы бір бұрынғы әншісі Балжан Бидаш та жасыл түсті жеңіл көйлекпен ел алдына шыққан.

Айта кетейік, дәK осы кешете өнер иесіне сүйіктісі сахнада тұрып жүрегі мен қолын ұсынды.

"Жыл таңдауы" музыкалық жобасына қол ұстасып келген жұлдызды жұп Арман Қоңырбаев пен Аша Матай әдеттегідей жұрт назарын өзіне аударды.

Бұл кеште Аша жеңіл әрі жерге дейін төгіліп тұрған ұзын алқызыл түсті көйлек пен сары түсті пенжек киіп көзге түссе, жары Арман ерлер қауымынан ерекшеленбей, әдеттегідей костюм-шалбармен келген.

Ал жобада екі бірдей марапатты иеленген Ерке Есмахан алқызыл түсті костюммен назарға ілікті.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар әншіні кеш барасында туған күнімен құттықтап, ерекше тосын сый жасаған.

Ал үнемі ел ауызында жүретін "Кешью" тобының жаңа құрамы көпшіліктен ерекшеленбей, айтулы жобаға қара түсті киім таңдапты.

Қазіргі таңда жеке дара әнші болып жүрген "Кешью" тобының тағы бір бұрынғы солисі Назым Әбілдина да жобаға шақырту алған. Әнші сахнаға су жаңа бейнебаянындағы образымен шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1830116-zyl-tadauy-zobasynda-erekse-obrazymen-este-kalgan-zldyzdar-kimder/

pixel