Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иранда көтерілген халықты басу кезінде екі жүзден аса адам қаза тапты

Опубликовано:

Иранда нарығында бензиннің бағасы қымбаттады. Осыған байланысты өткен наразылық акциялары кезінде 208 адам қаза тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Батыс басылымдары құрбандардың саны мыңнан көп екенін жарыса жазуда.

"Нью-Йорк таймс" газетінің дерегінше, митинг кезіне 450 адам мерт болған.

Наразылық акциялары Иранда 15 қараша күні туындады.

Басылым мәліметінше, толқулар үкімет бензин бағасын 200% көтеріп, оған шектеу енгізу туралы шешім жариялағаннан кейін басталыпты.

Ирандықтардың жаппай көтерілуі жүздеген қала-аудандарда өтуде.

Қазіргі уақытта ислам мемлекетінде интернет өшірілгендіктен оқиғалар бойынша толық мәлімет жоқ.

Осыған байланысты "Халықаралық рақымшылық" зерттеу бөлімінің директоры мәлімдеме жасады.

Ол Иран билігі өз азаматтарын өлтіріп, сұмдық операция жасады деп жауапты адамдарды айыптауға үндеу жариялады.

Ал Тегеран таратқан ақпараттағы қаза болғандардың саны батыстық басылымдар жазған сандарға сәйкес келмейді.

Олардың мәлімдемесінде көтеріліс кезінде бес адам қаза тауып, 180-і қолға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1830081-iranda-kterilgen-halykty-basu-kezinde-eki-zzden-asa-adam-kaza-tapty/

pixel