Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Иә дедім": Балжан Бидашқа сүйіктісі халық алдында сөз салды (видео)

Опубликовано:

Экс-Кешьюлық Балжан Бидашқа "Жыл таңдауы" жобасы кезінде тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалды. Бойжеткеннің сүйіктісі үлкен сахнаға шығып, бір аяққа тұрып әншіге жүрегін ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Иә дедім": Сүйіктісі Балжан Бидашқа халық алдында сөз салды
Коллаж: KAZ.NUR.KZ: UGC

Балжан Бидаш әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті. Өнер иесінің "Жыл таңдауы" жобасы кезінде сүйіктісінің оған қалай сөз салғанын, маңызды сәтте өзін қалай сезінгенін ашып айтты.

"1 желтоқсан мен үшін, біздің жұбымыз үшін ұмытылмас керемет күн болып қалды. Барлық қыздарға осындай күнге жетулеріңді тіледім! "Жыл таңдауының" сахнасында әнімді айтып жатқан кезде халықтың аяқ асты шыққан қатты шуын түсінбей қалдым. Артыма қарасам, қолында жүзігі бар, артында гүл ұстаған досы бар cүйіктім тізерлеп отыр. Ішім алай-дүлей күй кешіп жатыр! Жүрегім дүрсілдеп, есім ауып, дауысым дірілдеп тәтті сезімдермен арпалысып кеттім.

Жүргізушілерге де халыққа да қарамай шын сезіммен жігітімнің көзіне қарап "ИӘ" деп жауап бердім. Ол жауапты ешкім естімеген, ал халық сол жауапты күтіп тұрғанда, Баян Мақсатқызы микрофонмен арнайы халық алдында: “Балжан қандай жауап бересің?” дегенде де қобалжудан дым естімеппін. Сүйіктіме қарап не деп жатыр естілмей жатыр, естілмейді дей беріппін", - дейді бойжеткен.

"Баян Мақсатқызы Балжан кетпе, тоқтай тұр деп бірнеше қайталаса да жігітім екеуіміз абыр-сабырдан дым естімей, қобалжығаннан кете беріппіз. Видеоны көріп өзімше ұялып отырғанымай.
Осы жасалған тосын сыйды кейбір жандар шоу деп те ойлап қалыпты. Әрине біреуге бақыт тілеу үшін таныс болу міндет емес қой, сондықтан маған деген тілектеріңіз, шынайы ниеттеріңіз өздеріңізге мың есе болып қайтсын! Құттықтап жатқан әрбір адамды байқап жатырмын", - деп қуанышымен бөлісті ару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830076-i-dedim-balzan-bidaska-sjiktisi-halyk-aldynda-sz-saldy-video/

pixel