Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз супермаркетіндегі ірі өртпен жүз шақты адам күресті (фото)

Опубликовано:

Бүгін түнде Тараздың Сәтбаев көшесінде ірі өрт болды. Тілсіз жаумен күресуге жүз шақты адам жұмылдырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: UGC

Түнгі сағат бірде қаланың өрт сөндіру қызметіне "Эврика" супермаркетінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті.

Екі қабатты ғимараттағы жалынмен күресуге 19 көлікпен 84 өрт сөндіруші аттанды.

Сол арада полиция қызметкерлері пайда болуы мүмкін басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ғимарат аумағын қоршауға алды. Коммуналдық қызметтер оқиға орнына су тартты.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: UGC

Өрт сөндірушілер ғимараттың төбесіндегі ағаштан жасалған жабыны өртенгенін анықтады.

Тілсіз жауды ауыздықтауға екі жарым сағат уақыт кеткен. Осы уақыт ішінде жалын 1187 шаршы метрге таралып үлгерлді.

Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мамандар өрттің шығу себебін анықтайтын болады.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: UGC

Еске сала кетейік, 10 қыркүйекте Түркістан қаласында жарылыс болып, артынан ірі өрт шықты.

Сол кезде төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Саттарханов көшесі бойындағы "ROYAL GRAND HOTEL" қонақ үйінің аумағында газ баллондарын тасымалдайтын "ЗИЛ" автокөлігі өртенген. Салдарынан баллондардың бірі жарылып, артынан ірі өрт шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1829987-taraz-supermarketindegi-iri-rtpen-zz-sakty-adam-kresti-foto/

pixel