Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кейде көңілге тиеді": Денсаулық сақтау министрі дәрігердің жанайқайына жауап берді

Опубликовано:

Жақында қазақстандық дәрігер өз жұмысының бар қиындықтарын ашып айтып, желіде пост жариялады. Ол артық жұмыс істейтінін, үнемі күйзелісте жүретінін жеткізіп, жақсылық түсінбейтін арсыз науқастарға шағымданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ
Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ: UGC

Медициналық қызметкердің жазбасы "Жанайқай" тақырыбымен жарияланды.

Аталған пост денсаулық сақтау министрінің де назарына ілікті. Осылайша, ведомство басшысы Елжан Біртанов өзінің Facebook парақшасында дәрігерге жауап берді.

Министр дәрігердің шағымдарын оқып шыққанын жеткізіп, өз ісіне адалдығы үшін қызметкерге алғысын білдірді. Ол медиктің жұмысы өте қиын екенін атап өтті.

Біртановтың айтуынша, кейбір науқастардың іс-әрекеттері мен сөздері кейде көңілге ауыр тиіп жатады. Оны өз тәжірибесінен жақсы білетін көрінеді.

Ол желіде жарияланған пост авторының жұмысындағы қиындықтарды өткеріп, қызметін ары қарай жалғастыратынына сенім білдірді.

Министрдің айтуынша, әйелдің жазбасын оқып, оның өз ісіне адал екенін байқауға болады.

"Сіз сияқты кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие және біздің медицинамыз бен адамдар үшін аса қажет", – деген денсаулық сақтау министрі дәрігерге зор денсаулық пен сабырлық тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829971-kejde-kilge-tiedi-densaulyk-saktau-ministri-drigerdi-zanajkajyna-zauap-berdi/

pixel