Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

21 жастағы "Қайрат" футболшысы шаңырақ көтерді (фото)

Опубликовано:

Алматылық клубтың 21 жастағы жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Расима есімді арумен шаңырақ көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жастардың өміріндегі қуанышты оқиға туралы жаңалықты оңтүстік астананың футбол клубы өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Клуб Рамазан Оразов пен Расимаға бақыт пен зор махаббат тілеп, жас отбасын үйлену тойымен құттықтады.

Мерейтойдан алынған фото жас жұбайдың Instagram-дағы аккаунтында пайда болды. Расима үйлену күнін 2019 жылдың 30 қарашасы деп атап өтті, сонымен бірге ол махаббатының мәңгілік болатынын жазды.

Рамазан алматылық Қайратта өткен жылдан бері ойнайды. Қазақстан премьер-лигасының өткен маусымында ол 20-дан астам матч өткізді.

Сонымен қатар, ойыншы Қазақстан жастар құрамасының құрамына кіреді.

Естеріңізге сала кетсек, бірнеше күн бұрын Атырауда өткен ерекше үйлену тойы жайлы белгілі болды. Себебі, күйеу бала отбасындағы ең жас бала болған. Жігіттің үлкен 12 әпкесі бар. Бұл дүбірлі той жайлы тамада Есет Бахитов әлеуметтік желіде мәлімдеген еді.

Шара үшін қонақтардың барлығы тойханаға бірдей қызыл түсті киім киіп келді. Жүргізушінің өзі жас отбасыға шын жүректен бақыт тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829946-21-zastagy-kajrat-futbolsysy-sayrak-kterdi-foto/

pixel