Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық футболшы "Астана" - "Манчестер Юнайтед" кездесуінің үздік ойыншысы атанды

Опубликовано:

Дмитрий Шомко
Фото: fcastana.kz: Facebook

Күні кеше "Астана" мен "Манчестер Юнайтед" командалары кездесіп, матч елордалық команданың жеңісімен аяқталды. Кездесудің үздік ойыншысы ретінде қазақстандық Дмитрий Шомко танылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Kazfootball.kz-ке сілтеме жасап.

Беделі жоғары WhoScored сараптамалық порталы кешегі өткен кездесуге баға берген.

Порталдың пікірінше, қазақстандық футболшылар 6,81 балл алса, ағылшындар матч барысында 6,46 балл алған.

Елордалық командамен британиялық клуб арасында өткен кездесуде "Астана" және Қазақстан құрамасының 29 жастағы қорғаушысы, сондай-ақ гол авторы Дмитрий Шомко үздік ойыншы деп танылған. Ол есепті ойынның екінші жартысында теңестірген.

Порталдың статистикасына сүйенсек, Шомко қарсыласынан допты үш рет сәтті тартып алған. Сонымен бірге бір рет ағылшын футболшыларын айналып өткен. Сайттың мәліметінше, қазақстандық футболшының берген пастарының дәлдігі 86% болған.

Сондай-ақ, порталдың ақпарынша, "Астананы" басқа да ойыншылары Евгений Постников пен Дорин Ротариу да жақсы ойын көрсеткен. Мамандар екеуіне де 7,2 деген балл қойған.

Қарсылас команданың ішінен үздік танылған Джесси Лингард болды. Ол Қазақстан қақпасына бір гол соғып, есеп ашқан еді. Портал мамандарының пікірінше, Лингард өткізілген матч үшін 7,5 балл алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829647-kazakstandyk-futbolsy-astana---mancester-unajted-kezdesuini-zdik-ojynsysy-atandy/

pixel