Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол апатынан кейін "құжат" көрсетті: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік түсініктеме берді

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде жол апатынан кейін белгісіз азаматтың куәлік көрсеткен видеосы тарап кетті. Бейнежазба "батыры" өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері ретінде таныстырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство видеоға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: zakon.kz
Видеодан кадр: zakon.kz: Depositphotos

Кадрлардан Toyota Camry автокөлігіндегі ер азаматты байқауға болады. Автор "құжатты" көрсеткен адамның мас екенін айтады.

Ведомствода бейнероликте аға офицердің куәлігі көрсетілгенін мәлімдеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте видеодағы азаматтың анықталғанын, сондай-ақ, болған оқиғаға қатысты ақпараттың белгілі болғанын хабарлады.

Видео 2019 жылы 21 қарашада Павлодарда түсірілгені болып шықты. Кадрларда алаяқтық бабы бойынша халықаралық іздеуде жүрген азамат бар.

Қазір ол ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкері болып табылмайды.

Оның автокөлігін тінту барысында тәртіп сақшылары видеода көрсетілген "құжатын" таба алмады. Ал азаматтың өзі оны өртеп жібергенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта ол Алматы қаласындағы тергеу изоляторында.

Ер адам осыған дейін де өзін бірнеше рет құқық қорғау органдары қызметкері ретінде таныстырған. 8 жыл бұрын ол өзін ішкі істер министрлігінің қызметкері ретінде көрсетіп, істі болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қазіргі уақытта алаяқтар дәл осы қызметтің жалған құжаттарын көп пайдаланып жүргенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828940-zol-apatynan-kejin-kzat-krsetti-sybajlas-zemkorlykka-karsy-agenttik-tsinikteme-berdi/

pixel