Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайсысы тиімді: Ипотека ма, әлде сатып алу ма

Опубликовано:

Көптеген жас жанұялар осы сұраққа ойланады. Сол себепті. Бүгін KAZ.NUR.KZ редакциясы өз есебін ұсына отырып, аталған сұраққа жауап береді.

Көрнекі фото
Көрнекі фото: UGC

Ипотека

Мысал ретінде біздің шартты жас жанұя сатып алғысы келетін Алматы ықшам аудандарының біріндегі , Абай-Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы бір бөлмелі пәтерді алайық.

Ең арзаны (бірінші және соңғы қабат емес) 11,2 млн теңге тұрады. Оны ипотекаға алу үшін қолда міндетті түрде 30 %, яғни, 3 360 000 теңге алғашқы жарна болуы тиіс.

Осылайша, ипотекалық қарыздың сомасы 7 840 000 теңгені құрайды.

Егер жанұя ипотекаға айына 100 мың теңге төлеп тұра алатын болса, қарыз мөлшері 12 жылды құрайды. Ал ай сайынғы төлем 102 973 теңге болады.

12 жыл бойы жанұя банкке 14 828 112 теңге (102 973 * 12 ай. * 12 жыл) артық төлем 6 988 112 теңгені құрайды.

Жинақтар

Енді 3 360 000 теңгесі бола тұра, ипотека алмай, ақша жинауға бел буған жанұялардың жағдайын қарастырайық.

Олардың ай сайын 103 мың теңге жинай алмайтыны хақ. Себебі, үйге жалға ақша төлеу керек. Дәл осы аудандағы дәл сондай пәтердің жалға алу бағасы айына 80 мың теңге.

Пәтерді 75 мың теңгеге жалға алады деп есептейік. Осылайша, ай сайын олар ипотекаға беруі қажет болған 103 мың теңгенің 28 мыңы ғана қалады.

Ал ақша тек жүк болып жатпай, қосымша табыс әкелуі үшін оларды депозитке салу керек. Яғни, жанұя бастапқыда 3, 36 млн теңгені депозитке салып, қосымша 28 мың теңге енгізіп отырады.

Қазіргі уақытта ең ұзақ мерзімді салым 36 айды құрайды. Ол бойынша мөлшерлеме 10,5% болады.

Осылайша, 3 жылдан кейін отбасыда 5 671 781 теңге жинақталатын болады. Оның 3 360 000 – бастапқы жарна, 980 000 – ай сайынғы жарналар, 1 331 781 – есептелген сыйақы.

Үш жылдан кейін ай сайынғы жарналардың сол қарқынымен және сол сыйақы мөлшерлемесімен сомасы 8 788 482 теңгеге дейін өседі.

Ал тағы екі жылдан соң (яғни, басталғаннан кейін 8 жыл) жинақ мөлшері 11 750 005 теңгені құрайды. Осылайша, пәтер алуға қажетті сома жиналып, тіпті, 550 мың теңге артылады (11 750 005- 11 200 000).

Ипотека 12 жылға есептелсе, жинау мерзімі 8 жыл құрайды. Төрт жыл бойы ай сайын салым салу-таза үнемдеу. 102 973 теңге ай сайынғы төлемді 4 жылға көбейтсек, 4 942 704-ті құрайды.

Ньюанстар

Барлық ұсынылған есептер ешқандай параметрлер өзгеріссіз қалған жағдайға негізделген. Дегенмен,

  • Пәтер бағалары шарықтап кетуі мүмкін. Ол уақытта жинақтар тиімсіз нұсқа болады.
  • Депозиттерге ставкалар төмендеуі мүмкін. Онда көп уақыт жинаған дұрыс.
  • Пәтер жалға беру бағасы артып кетуі мүмкін. Ол уақытта жинақтың тиімділігі төмендейді.
  • Өздігінше ақша жинаған кезде ақша жаратып, салым уақытын үзіп алуыңыз мүмкін.
  • Кірістер артуы мүмкін. Онда ақшаны тезірек жинауға, ипотеканы да тезірек жабуға мүмкіндік туады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1828923-kajsysy-tiimdi-ipoteka-ma-lde-satyp-alu-ma/

pixel