Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі ауылда бет ашып жүрген кезіндегі суретімен бөлісті (фото)

Опубликовано:

Ғаламтор кеңістігінде эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлінің әлі танымал болмай, ауылда жаңа түскен келіндердің бетін ашып жүрген кезінің суреті пайда болды. Әншінің осыдан бірнеше жыл бұрыңғы фотосы желіде қызу талқыға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш суретпен ел сүйіп тыңдайтын жұлдыздың өзі Instagram парақшасында бөліскен. Ол оқырмандарына өзіні өнер жолына келуі неден бастау алғанын көрсетті. Төреғали төреәлі түбегейлі әншілікке бет бұрмас бұрын, келіндердің бетін ашып табыс тапқанын жасырмады.

Өнер иесі жүктеген фотосының астына арнайы өлең-шумақтарын да қалдырған.

"Туа сап ешкім көрген жоқ Республика сарайын, Бет ашып бер деп бізге де Ет асып күтті ағайын.
Өлеңмен күтіп алғанбыз Құтты келіннің талайын, Той жеткен құтты әулеттің Қызметіне жарайын Бой жеткен қыздар тұрмысқа Шығып кетсін бе ағайын? " , - деп жазды Төреғали.

"ТТТ" жариялаған сурет ел қызығушылығын аса қатты тудырып, желіде талқыға түскен. Көпшілік танымал әншінің бұл іспен айналысқанына хабарсыз болып шыққан.

"Қандай керемет" , "Сіз бет ашқаныңызды енді ғана біліп тұрмын" , "Сіз бетін ашқан қыздар қазір соны мақтан тұтып жүрген шығар" , "Сіз бет ашқан қыздардың бағы бар екен" , "Жарайсыз" , "Осы шағың әлі есімде" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1828896-tregali-treli-auylda-bet-asyp-zrgen-kezindegi-suretimen-blisti-foto/

pixel