Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қойлардың артынан қуған Мадина Сәдуақасова жұртты күлкіге қарық қылды

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова Шардарада қойлардың артынан қуып жүрген қызықты видеосымен желіде бөлісті. Бейнежазба өнер иесінің жанкүйерлері мен желі қолданушыларының ішек-сілесін қатырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Шардарада түскен видеосын жүктеді. Кадрда өнер иесі төрт түлік малдың артынан қуып, ұстамақшы болады.

"Нешеуін ұстайсың барлығын Алматыға жеткіземіз" - деді жігіттер. Біреуі де ұстатпады", - деп жазды Мадина видео анықтамасына.

Желі қолданушылары мұндай көріністі көріп, Сәдуақасоваға жылы лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар, оқырмандар өзара әзілдесіп, оң пікірлерін қалдырды.

"Мынауың енді қызық болды", "Мадина ханым, сізді көріп, күлкіден ішегім қатты ғо", "Олар сізді танымай тұр, әйтпесе өздері келетін еді жаныңызға", "Сіз жанына жай ғана жақындатсаңыз, ұстатады", "Даусыңыз сондай әдемі, балапаныңыз аман болсын", "Аман болыңызшы", "Бәрін бір жерге иіру керек еді. Бесбармақ жейтін едіңіз", "Жаным-ау, ол үшін қатты жүгіру керек қой", "Бұлай жүгірсеңіз, ешқашан ұстамайсыз", "Шардара ешкілері қатты жүгіреді", "Тек бір қойдың артынан жүгінргенде жетіп қалар едіңіз", "Ештеңе етпес, қойлар сізді жай ғана танымай қалған", - деп жазы олар жарыса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1828860-kojlardy-artynan-kugan-madina-sduakasova-zrtty-klkige-karyk-kyldy/

pixel