Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диетолог кеңесі: Таңғы асқа не жеуге болмайды

Опубликовано:

Ғалымдар мен дәрігерлер таңғы астың адам ағзасына пайдасы жөнінде бұрыннан айтып келеді. Ол мидың қызметіне оң әсерін тигізіп, адамның жұмыс жасау қабілетін арттырады. Осы орайда австралиялық диетолог Сьюзи Барелл таңғы ас кезінде қандай азық-түліктерден бас тарту керектігін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Twitter

Маманның айтуынша, таңертеңгілік тамақ рационына питаны (таба нан түрі) қоспаған дұрыс. Оның құрамында қандағы қант деңгейін көтеретін көмірсулардың өте көп екені анықталды. Бұл өнімнің 100 грамында 60-80 грамға жуық көмірсу болады.

Сондай-ақ таңғы асқа тәтті қытырлақ қауыздарды тұтынбаған абзал.

"Олардың құрамында тағамдық талшықтар өте аз, адамды ұзақ уақытқа тойдыра алмайды", – дейді Барелл.

Ол әсіресе, бұндай қауыздардың балаларға зиян екенін атап өтті. Айтуынша, осылайша олар таңертең тәтті жеуге үйреніп кетеді.

Диетолог бұның баламасы ретінде балаларға таңғы асқа гранола (АҚШ-та дәстүрлі таңғы ас түрі) немесе қантсыз қауыздар беруді ұсынады. Оларға тәтті дәм беру үшін бал немесе жидек қосуға болады.

Бұған дейін фастфуд тағамдарын көп жейтін ер адамдардың басқаларға қарағанда жыныстық проблемаларға жиі тап болатынын жазған едік.

Ондай тағамдар еркектер ағзасындағы тестестерон мөлшерін төмендетеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1828825-tagy-aska-ne-zeuge-bolmajdy-dietogolty-keesi/

pixel