Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында мас күйде болған жүргізуші жүк пойызына соғылды

Опубликовано:

Ақмола облысында ішінде жолаушылары бар жеңіл көлік жүк пойызымен соқтығысты. Анықталғандай, автокөліктің жүргізушісі мас күйде болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.

pixabay.com
pixabay.com: Instagram

Басылым өңірдің төтенше жағдай департаментіне сүйене отырып, жол-көлік оқиғасы 22 қараша күні түстен кейін Шортанды ауданында орын алғанын хабарлауда.

Анықталғандай, жүргізуші мас күйде болып, тыйым салынған белгілерге назар аудармаған. Ол түсіп тұрған шлагбаумды елемегендіктен жүк пойызына соғылды.

Одан басқа, көлікте бір әйел адам мен тағы бір жолаушы болған.

Ведомствоның мәлімдеуінше, жол апатын салдарынан 67 жастағы әйел мен көліктің тізгінінде болған 35 жастағы азамат жарақат алған.

Дәрігерлер зардап шеккен әйелдің жағдайын орташа ауыр деп бағалауда. Ол ауруханаға жатқызылды.

Ішімдік ішіп, рульге отырған азаматты бес жылға жүргізуші көлігінен айыру мүмкін. Оған көлікті мас күйде тізгіндегені үшін әкімшілік хаттама жазылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828685-akmola-oblysynda-mas-kjde-bolgan-zrgizusi-zk-pojyzyna-sogyldy/

pixel