Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысындағы үш айлық сәбидің өлімі: Оқиғаға қатысты тың мәліметтер пайда болды

Опубликовано:

Ақмола облысындағы үш айлық нәрестенің өліміне қатысты дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, нәрестенің өлімі туралы ақпарат 18 қараша күні түскен.

"Бастапқы диагнозы: аспирациялық синдром. Осыған байланысты Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 317- бабы 3-бөлігі ("Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды", - деді ведомство.

Айта кетейік, 15 қарашада бала шұғыл түрде Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған болатын.

"Бастапқы диагнозы: аспирациялық синдром. Өйткені бала ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Жансақтау бөлімінде шұғыл ем-дом шаралары жүргізілгеніне қарамастан, шақалақтың өмірін сақтап қалу мүмкін болған жоқ", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомство мәліметінше, баланың неден шетінегенін сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828650-akmola-oblysyndagy-s-ajlyk-sbidi-limi-okigaga-katysty-ty-mlimetter-pajda-boldy/

pixel