Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда қазақша түсінетін ит елді таңғалдыруда (видео)

Опубликовано:

Атырауда қазақ тілін түсінетін қызметтік ит бар. Оның елордадан өңірге ауысқанына бір айға жуық уақыт болған. "Жанның" бүгінгі көрсеткіші Гиннес рекордтар кітабына енген голландиялық төбеттің деңгейіне жетіп қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Qazaqstan Atyrau арнасына сілтеме жасап.

Кадр видеодан
Кадр видеодан: Facebook

Елдос Жұмамбетов "Жан" атты итті күшік кезінен бауырына басқан. Олар 2017 жылдан бері бірлесе жұмыс істеуде. Кинолог маман ерекше жануардың сезім мүшелерін дамытып, қызметке араластыруға үш ай жұмсапты.

Тіл алғыш ит берілген тапсырманы жоғары деңгейде орындайды. 13 жастағы ол тек қазақша нұсқауларды ғана тыңдайды.

10 жылдан аса уақыт ішінде "Жан" өзін әр қырынан көрсете білген. Сан мәрте есірткі тасымалдаушылардың жолын кесіп, тапқырлық танытқан. Тіпті, қаскөйлердің оған қарсы әрекеттері де жүзеге аспапты.

Негізі, мұндай қызметтегі иттер сегіз жасында зейнетке шығады екен. Ал 13 жастағы "Жанға" тең келер ит жоқтың қасы.

"Атырау станциясы желілік полиция бөліміне келгелі жұмыс дамуда. Соның ішінде нашақорлықты анықтап, 15 факті тіркелді. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2- бөліміне сәйкес іс қозғалып, сотқа жолданды", - дейді Атырау станциясының желілік полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының инспекторы Жайық Сүндет.

Жұмысын күнделікті серуеннен бастайтын "Жан" теміржол вокзалына барып, қылмысты болдырмауға бар күшін салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828558-atyrauda-kazaksa-tsinetin-it-eldi-tagaldyruda-video/

pixel