Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш жастағы бала қайнап жатқан қазанға құлап кетіп, мерт болды

Опубликовано:

Үндістанның Хайдарабад қаласының жанындағы елді мекенде қайғылы жағдай орын алды. Үш жастағы бала қайнап жатқан қазанға құлап кетіп, көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Қайғылы оқиға 17 қарашада болған.

Суреш (Suresh) атты бала әкесімен бірген ауыл ішіндегі мерекелік шараға барған.

Басылым мәліметінше, бала тамақ әзірленіп жатқан қазан-ошақтың басында ойнап жүріп, қайнап тұрған ыдысқа түсіп кеткен.

Cоның салдарынан бүлдіршін күйіп қалып, оны тез арада ауруханаға жеткізген.

Алайда, сейсенбі 19 қараша күні үш жастағы Суреш қайтыс болған.

Марқұмның әкесі полицияға оқиға туралы хабарлаған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, дәрігерлер Үндістанның Гуджарат шататының тұрғыны Джасубай Пателдің көзінен ұзындығы он жеті сантиметр болатын құртты алып шыққан еді.

70 жастағы Джасубай Пател бірнеше жыл бойы көзінің ауырып, қышитынын айтып дәрігерлерге шағымданған.

Ақ халаттылар оны қанша тексергенімен, нақты диагноз қоя алмаған. Тек қазан айының соңында офтальмолог Милан Панчал оның көзінің ішінде жәндік барын анықтаған. Толығырақ сілтемеден оқыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1828531-s-zastagy-bala-kajnap-zatkan-kazanga-klap-ketip-mert-boldy/

pixel