Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тағы бір құрылыс нысаны опырылып түсті (фото)

Опубликовано:

Шымкентте құрылыс нысанының шатыры мен темірбетонды қабырғасы опырылып, 5 адам зардап шекті деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Facebook

Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы Ибрагим ата көшесіндегі тойхана ретінде салынып жатқан құрылыстың 1500 шаршы метрі құлаған.

Оқыс жағдайдан зардап шеккен бес жұмысшы да Өзбекстан Республикасының азаматтары. Барлығы да жедел жәрдем қызметімен Шымкенттегі нөмірі 3-ші ауруханаға жеткізілген.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Facebook
"Ауруханаға 5 зардап шеккен азаматтар жеткізілді. Біреуінде ашық бас ми жарақаты, миы шайқалған, жағдайы ауыр болғандықтан жансақтау бөліміне жатқызылды. Екіншісі кеуде клеткасы зақымдалған. Бауыры мен іші зардап шеккен. Қазір ота жасалып жатыр.
Үшінші науқастың бүйрегіне нұқсан келген. Ол стационарлық ем қабылдайды. Қалған екі зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп үйлеріне қайтарылды,"-деп мәлімдеді 3-ші қалалық аурухананың бас дәрігері Ибрагим Ташев.
Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Twitter
"Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 24 қызметкері мен 3 арнайы техника, 8 құтқарушы, 1 кинологиялық ұжым жұмылдырылған. Кинологтар іздестіру жұмыстарын жүргізді. Үйінділер мен қирандылар астында зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ,"-деп мәлімдеді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Facebook

Естеріңізге сала кетсек, 8 қараша күні Шымкентте «ЮгСтройСервис-Н» ЖШС жұмысшыларының шұңқыр қазу кезінде топырақ үйіндісінің астында қалып, қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Шымкент қалалық әкімдігі құрылыс алаңында екі жұмысшының қайтыс болуына байланысты брифинг өткізіп, аталмыш оқиғадан кейін жедел түрде ҚК 156 бабының 4 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828396-symkentte-tagy-bir-krylys-nysany-opyrylyp-tsti-foto/

pixel