Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда жас жігіт достарының көз алдында суға батып кетті (+18)

Опубликовано:

Үндістанда екі досымен бірге суға шомылуға барып, батып кеткен жігітті құтқарудың орнына, видеоға түсіріп тұрғандар көптің шамына тиді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Оқиға Үндістандағы Карнатака штатында болған. 19 жастағы Джаффер Аюб есімді жігіт екі досымен бірге жергілікті карьердің біріне барады. Олар өздерінің көңіл көтерген сәтін видеоға түсіріп алмақ болады. Алайда бәрі олардың ойлағанындай болып шықпаған. Қызықты сәттің орнына жолдастарының қалай көз жұмғанын түсіріп алған.

Аюб суға секіреді де аздап жүзген соң, жағаға қарай беттейді. Алайда ол құрғақ жерге жете алмаған. Жолдастарының бірі өліммен арпалысып жатқан жігітке қол ұшын созады да, неге екені белгісіз көмектеспестен қолын қайта тартып алады.

Джаффер Аюб достары мен сол маңда кір жуып отырған әйелдердің көзінше жан тәсілім етеді. Жас жігітке ешкім көмек бермей, оны видеоға түсіруді жалғастыра береді.

Куәгерлер жігіттің су астына батып кеткен кезінде ғана дабыл қағады. Өтіп бара жатқан бейтаныс жандар Аюбты судан шығарып алғанымен, ол өмірмен қош айтысып үлгерген еді.

Құқық қорғау органдары қайғылы жағдайды тергеумен айналысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1828192-ndistanda-zas-zigit-dostaryny-kz-aldynda-suga-batyp-ketti-18/

pixel