Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҰҰ-да сөз сөйлеп, әлемді аузына қаратқан қыздың 120 жыл бұрынғы суреті табылды (фото)

Опубликовано:

Біріккен Ұлттар Ұйымында ғалам экологиясына алаңдап сөз сөйлеген 16 жастағы Грета Тунбергтің өткен ғасырдан сыңары табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Фото: Eric A. Hegg / University of Washington Libraries
Фото: Eric A. Hegg / University of Washington Libraries: Facebook

1898 жылы түсірілген суретті Twіtter желісінің қолданушысы блогер Джек Стрэндж жариялаған.

"Сонымен, фотосуреттегі 120 жыл бұрынғы "Грета Тунберг", бұл менің жаңа конспирологиялық теориям. Грета - болашақтан келген уақыт саяхатшысы, ол бізді құтқару үшін осында", - деп жазды автор.

Бұл сурет Вашингтон университетінің мұрағатынан алынған. Кадрда Канададағы алтын кенішінде жұмыс істеп отырған үш бала бейнеленген.

Алдыңғы қатарда отырған қызды көпшілік белсенді Грета Тунбергке ұқсатқан.

16 жастағы Грета Тунберг жаһандық экология мәселесіне белсені араласып жүрген көшбасшылардың бірі.

Ол 2019 жылдың қыркүйегінде БҰҰ-ның саммитінде сөз сөйлеген еді.

Грета өзінің қатарластарының балалық шағын тартып алғаны үшін, саясаткерлерді кінәлап, оларға климаттағы өзгерістерді шешу керектігін айтқан болатын. Осының арқасында ол ғаламтор арқылы әлемге танымал болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1828188-b-da-sz-sjlep-lemdi-auzyna-karatkan-kyzdy-120-zyl-bryngy-sureti-tabyldy-foto/

pixel