Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ер адам 12 жастағы қызға пышақпен шабуылдады

Опубликовано:

Оңтүстік астанада болжам бойынша қолына пышақ ұстаған ер адам 12 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасады. Абырой болғанда, қыз қашып құтылған. Оның анасы полицияға жүгінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жақында қыздың анасы кезекші бөлімге қоңырау шалып, оқиға жөнінде хабар берген.

Тәртіп сақшылары шабуыл жасалған аумақты тексеріп шығу үшін оқиға орнына аттанған.

Департаментте атап өткендей, қазіргі уақытта күдіктіні анықтап, қолға түсіру үшін барлық қажетті шаралар жүргізілуде.

Мектеп оқушысы шамалап, шабуыл жасаған адамның сыртқы белгілерін атап берген. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеруде.

Зардап шеккен қыздың анасы Tengrinews.kz порталына оқиғаның 19 қараша күні таңертең "Орбита-1" ықшам ауданындағы мектеп маңында болғанын айтқан.

Оның сөзіне қарағанда, қызы сабақтан қайтып бара жатқан кезінде алдынан бейтаныс кісі шыққан. Ол қайта айналып, оқушының ізіне түскен.

Кішкентай қыз көзінің қырымен ер адамның пышаққа ұқсас затпен соққы жасауға әрекеттенгенін байқап, отырып қалған. Сол сәтте қаскөй жерге құлап, ал оқушы қыз мектепке қашып келген.

Анасы желіден Алматыда екі жыл бұрын осыған ұқсас шабуыл бойынша күдіктінің фотороботын тапқан. Айтуынша, қызы суреттегі ер адамды танып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828159-almatyda-er-adam-12-zastagy-kyzga-pysakpen-sabuyldady/

pixel