Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордалық келіншек ажырасқан азаматқа тұрмысқа шыққанына өкініп жүр

Опубликовано:

Қызылорда қаласының Ақнұр есімді тұрғыны отбасылық өміріне көңілі толмайтынын айтып, мұңын шақты. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын ажырасқан азаматқа тұрмысқа шыққан. Бүгінде жас келіншек бұл шешіміне қатты өкініп жүр. Себебі, күйеуінің бұрынғы әйелі жиі хабарласып, отбасының мазасын алатын көрінеді. Қаржылай көмек те сұрап, балаларын ата-әжесіне қарауға әкеліп тастайды екен. Ақнұр енді өзін жанұясына керексіз адам ретінде сезінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Күйеуі Алмаспен ойламаған жерден танысқан Ақнұр бұрын тұрмыста болмағанын айтады.

Құрбысымен кафеде отырғанда сүйкімді жігіт қастарына отырып, гүл сыйлаған екен. Кейін екеуі жақын араласып, уақыт өте келе бір-біріне деген сүйіспеншіліктері пайда болған.

"Алмас бұрын отбасылы болғанын жасырмай бірден айтты. Бірінші әйелінен екі ұлы бар екенін де білдім. Балаларымен жиі хабарласып, көмектесіп жүретін. Соған қарамастан, екеуміздің қарым-қатынасымызды үзгім келмеді. Бастапқыда дос ретінде араластық. Күнделікті телефонмен сөйлесіп, кездесіп жүрдік. Бір күні ол маған деген шынайы сезімі бар екенін айтты. Мен де Алмасты ұнатып қалған едім", - дейді Ақнұр.

Олар бір жылдан астам уақыт кездесіп жүрген. Алмас сүйіктісін ата-анасымен таныстырып, үйленгісі келетінін айтқан.

Ақнұр да жақындарына тұрмысқа шығатынын хабарлаған. Алайда оның анасы болашақ күйеу баласын ұнатпай қалған.

"Анам біраз уақытқа дейін келісімін бермей жүрді. Менің әлі де ойланғанымды қалады. Бұрын отбасылы болған азаматпен бақытты болып кетуім екіталай екенін айтты. Ол менің болашағымды ойлап, қатты уайымдап жүрді. Бірақ мен шешімімді өзгертпеген соң амалсыздан батасын беруіне тура келді. Үйлену тойымыз ойымдағыдай өтіп, жаңа өміріміз басталып кетті", - дейді жас келіншек.

Ақнұр қазір ата-енесімен бірге тұрады. Өткен жылы қыз баланы дүниеге әкеліп, ана атанды.

Өкінішке қарай, күйеуінің бұрынғы әйелі отбасын жиі мазалап, берекесін қашырады екен. Қазір Алмас жалақысының жартысын балаларына алимент ретінде төлеп отыр.

"Күйеуім айлығының жартысын балаларына береді. Алименттен бөлек те қаржылай көп көмектеседі. Біз тарықсақ та, олар қиналмауы керек, Алмастың бірінші әйелі ұятсыздау адам екен.
Түн ішінде телефон соғып, үйіне шақырып алады. Қыстың күні балалары ауырса, күйеуім детектеп соған қарай кетеді. Сылтау іздеп, балаларын ата-енеме қалдырып кетеді. Мен соларға қарап, кешке дейін тамақтандырып отыруға мәжбүрмін", - дейді қызылордалық келін.

Ақнұр ата-енесінің де тұңғыш немерелеріне ерекше ықыласпен қарайтынын айтады. Зейнетақыларын соларға жұмсап, тәтті тағамдарды алдарына қояды.

Бұрынғы келіндеріне ақшалай да көмектесіп, қабағын аңдиды екен. Жас келіншек өзін бұл жанұяда артық адам ретінде сезінетінін жеткізді.

"Шынымды айтсам, қатты шаршап кеттім. Таңертеңнен кешке дейін үйдің тіршілігінен босамаймын. Қызыма да қарап, сәбиімді баптауым керек. Ата-енем көбіне үйде бола бермейді. Болған күні күйеуімнің бірінші әйелі балаларын әкеліп тастайды. Тегін бала күтушісі болдым. Шыдамым таусылуға жақын", - деп ашынады Ақнұр.

Қызылордалық келіншек талай мәрте күйеуімен ашық сөйлескен. Бірінші отбасынан әбден мезі болғанын айтқан.

Бірақ Алмас қызғануға еш себеп жоқ екенін айтудан жалықпайды екен. Ақнұр отбасын құрар алдында анасының ақылын тыңдамағанына қатты өкінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828054-kyzylordalyk-kelinsek-azyraskan-azamatka-trmyska-sykkanyna-kinip-zr/

pixel