Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі интернатта төсекке таңылған қариялардың зейнетақысы ұрланды

Опубликовано:

Ақтөбеде қарттар мен мүгедектер үйінде тұратын ардагерлердің зейнетақысы ұрланған. Орталықтың әлеуметтік қызметкері зейнеткерлердің ақшасын алуы мүмкін деген күдікке ілінді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбедегі интернатта төсекке таңылған қариялардың зейнетақысы қолды болды
Фотоколлаж: KAZ.NUR.KZ: Original

Қарттар үйіндегі былықты прокурорлық тексеріс ашқан. Қазір күдікке ілінген маман қызметтен шеттетілді.

«Ол әлеуметтік қызметкер бізде 2011 жылдан бері жұмыс жасайды. Тексеріс жүріп жатқандықтан бұл жағдайға біз пікір білдіре алмаймыз. Дегенмен, ол маман уақытша жұмысынан шеттетілді.

Қарттарымыздың көпшілігі зейнетақысын іштегі банкомат арқылы алады. Пошта қызметі арқылы алатындар да бар.

Өздігінен жүре алмайтындарға әлеуметтік қызметкер бекітілген. Мекедеде алты әлеуметтік қызметкер бар», - дейді директордың әлеуметтік жұмысы жөніндегі орынбасары Сән Нұрышева.
Ақтөбедегі интернатта төсекке таңылған қариялардың зейнетақысы қолды болды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ақшасынан қағылған жәбірленушілердің бірі - Анатолий Кузубов. Қария әлеуметтік орталықтың байырғы тұрғындарының қатарында екен.

«Зейнетақымды алуға интернаттың әлеуметтік қызметкерлері көмектеседі. Банк картамның пайдалану мерзімі бітуге таяғанда алмастыруға алып кетті.
Әкелген кезде құпия сан жазылған қағаз да ашық болды. Кейін покуратурадан келген адамдар менің зейнетақы алатын картамды суретке түсірді», - дейді интернат тұрғыны Анатолий Кузубов.
Ақтөбедегі интернатта төсекке таңылған қариялардың зейнетақысы қолды болды
Анатолий Кузубов. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Оқиғаның болғанын растаған прокурорлар әлеуметтік қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын хабарлайды.

«Ақтөбе қаласының Алматы ауданы прокуратурасымен №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» тексеру жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша материалдар жинақталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осыған байланысты нәтижесі қосымша хабарланады», - дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, әлеуметтік орталықта 223 адам тұрып жатыр. Оның 96 -сы І және ІІ топ мүгедегі. Олардың ең жасы 30-дан асса, үлкені 96 жастағы тыл ардагері.

Ақтөбедегі интернатта төсекке таңылған қариялардың зейнетақысы қолды болды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Көпшілігі мемлекеттен жәрдемақы мен зейнетақы алады. Әлі келгендер ақшаны банкоматтан өздері аласа, шамасы жетпейтіндерге әлеуметтік қызметкерлер көмектеседі екен. Бүгінгі жағдайда қанша ардагердің зардап шеккені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828053-aktbedegi-internatta-tsekke-taylgan-karialardy-zejnetakysy-rlandy/

pixel