Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дауылды ескерту: Қазақстанда 33 градус аяз болады

Опубликовано:

Жақын күндері Қазақстанда ауа райы күрт суиды. кейбір өңірлерде 30 градустан төмен аяз салдарынан дауылды ескерту хабарланды. ҚР ІІМ төтенше жағдайлар Комитетінде аязды күндері қалай әрекет ету керек екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда 33 градус аяз болады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің солтүстігінде күн күрт суиды. Мәселен, жуырда үш тәулік бойы, яғни 19-21 қараша аралығында Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде термометр бағанасы 25-30 градусқа дейін төмендейді.

Дәл осындай ауа райы Ақмола мен Павлодар облысында болмақ. Мұнда 30 градус аяз болады деп күтілуде.

Синоптиктердің мәліметінше, ең қатты аяздар Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысында өтеді. Үш күн бойы бұл өңірлерде ауа температурасы -33 градусқа төмендейді.

Ал елордада қар жауып, боран соғады..

Ақтөбе облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. Мұнда температура 19-22 градусқа дейін нөлден төмен болады деп күтілуде.

ІІМ ТЖ комитеті суыққа дайын екендігін хабарлады: апатты-құтқару жұмыстарына арналған техника мен күштер дайын. Жұмысшылар қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Сонымен қатар, комитет қазақстандықтардың сақ болуын және ауа райы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жазылған немесе смс-хабарламалар арқылы келген ақпаратты бақылап жүруін сұрайды.

Ауа райының сууына байланысты алыс сапарларды кейінге қалдыру ұсынылады.

Егер ақауы бар немесе бұзылған автокөлікпен жолда қалсаңыз, құтқарушылар машинадан шықпай, ұялы телефон арқылы көмек шақыруға кеңес береді.

Ауылдық жерлерде тұратын адамдарға ауа райының сууы туралы хабарлама келген кезде алыс қашықтыққа жаяу жүрмеуге кеңес беріледі.

Комитетте құтқару қызметіне 112 нөміріне қоңырау шалуға болатынын еске салады. Бұл нөмір бойынша қоңырау шалу үшін сим-карта немесе нөмірдегі теңгерім қажет емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827985-dauyldy-eskertu-kazakstanda-33-gradus-aaz-bolady/

pixel