Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарапайым Қайраттың" жұлдызы алғашқы қазақ тілді техноблогты жүргізді

Опубликовано:

YouTube желісінде алғашқы қазақ тілді техноблог - "Анау-мынау" арнасы пайда болды. Ол жерде заманауи технологияларға шолу жасалып, түрлі әзілге толы хабарларлар шығатын болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

YouTube желісінде алғашқы қазақ тілді техноблог пайда болды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Желідегі алғашқы шығарылымын Iphone 11 мен Iphone PRO ұялы телефондарына шолу жасаудан бастаған бағдарлама бірден көпшіліктің назарын аударды.

Бұл шығарылымда жүргізуші гаджеттің артық және кем тұстарын әзілдеп отырып баяндап берді.

Бағдарлама барысында жүргізуші ұялы телефонға шолуды сонау қорабынан бастады. Оны ашқандағы әсері мен гаджетті қолына ұстағандағы әсерімен бөлісті.

Сондай-ақ, оның сөзінше, IPhone 11-ге қарағанда IPhone PRO MAX-тің сыртқы бейнесі көзге ерешке көрінеді әрі салмағы да ауырлау. Мәселен IPhone 11-нің салмағы 188 грамм болатын болса, IPhone PRO MAX-тің салмағы 226 грамм.

Сонымен қатар, екі гаджет те суға төзімді болып шыққан. Мәселен, IPhone PRO MAX-ты 4 метр тереңдікте 30 минут ұстауға болатын болса, IPhone 11-ді 2 метр тереңдікте 30 минут ұстауға болады.

Таза қазақ тілінде жасалған мұндай шолу желі қолданушыларын бейжай қалдырған жоқ. Олар осындай қызықты бағдарлама жасап, қазақ тілді аудиторияға ұсынған ұжымға жылы лебіздерін жазып жатты.

"Жарайсыңдар, осындай шолуды көрген жанға майдай жағады екен", "Алда тағы көп шолу болады деген ойдамын", "Құтты болсын ана тілімізде өте тамаша бағдарламалар көбейсін. Сәттілік", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1827948-karapajym-kajratty-zldyzy-algasky-kazak-tildi-tehnoblogty-zrgizdi/

pixel