Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси мен Кавани жолдастық кездесуде жаға ұстасып қалды (видео)

Опубликовано:

Уругвай мен Аргентина ұлттық құрамаларының футболдан жолдастық кездесуінде текетірес орын алды. ПСЖ футбол клубының шабуылшысы уругвайлық Эдинсон Кавани "Барселона" капитаны аргентиналық Леонель Мессиді төбелесуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Фото: EFE
Фото: EFE: Facebook

Футболшылар арасындағы текетірес матчтың бірінші таймында орын алды. Уругвайлық Матиас Весиноның ойын ережесін өрескел бұзғанына ашуланған Месси Каваниға да наразылығын білдірген. Сөйтіп, екеуі сөзге келіп қалды. Ақыры, қос команданың ойыншылары араласып жүріп, текетіресті тоқтатты.

Командалар үзіліске беттеген кезде Кавани "Барселона" жұлдызына мәселені жұдырықтың күшімен шешуге ұсыныс білдірген. Бұған Месси де келіскен.

Сөйтіп, белгілі болғандай, екі футболшы трибуна астында жаға ұстасып қалған. Абырой болғанда, оларды Мессидің "Барселона" командасындағы серіктесі уругвайлық Луис Суарес ажыратып алған.

Айта кетейік, аталған жолдастық матч бүгін түнде Израильдің Тель-Авив қаласындағы "Блюмфильд" алаңында өткен болатын. Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Уругвай құрамасы сапында Эдинсон Кавани мен Луис Суарес мергендігімен танылса, аргентиналықтардан Серхио Агуэро мен Леонель Месси бір-бір голдан соқты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1827930-messi-men-kavani-zoldastyk-kezdesude-zaga-stasyp-kaldy-video/

pixel