Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тиматидің бұрынғы және қазіргі сүйіктісі бірге жарнамаға түсіп, елді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Танымал ресейлік рэп орындаушы Тиматидің қазіргі сүйіктісі мен бұрынғы ғашығы бір фотосессияда бой көрсетіп, қалың көпшілікке тосын сый жасады. Өнер иесінің бұрынғы махаббаты Алена Шишкова мен қазіргі ғашығы Анастасия Решетова Shine Is косметикалық брендінің келбеті атанған деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

27 жастағы Алена мен 23 жастағы Анастасияның бірге жарнамаға түсуі жұртшылық үшін нағыз күтпеген жағдай болды.

Олар косметикалық заттарды жарнамалап қана қоймай, арулардың бірі жыланмен де қорықпай суртке түскен.

Сонымен қатар, шығармашылық топ олардың келбеттеріне сай образ таңдай білген. Мәселен Алена қара, Анастасия ақ түсті үлгіде киінген.

Еск сала кетейік, қос ару да Тиматиді әке бақытына бөледі.

Алена Шишкова 2014 жылы танымал рэперге Алиса есімді қызды сыйласа, Анастасия Решетова биыл әншіден ұлды болды.

Тимати ат ұстарына марқұм досы Ратмирдің есімін берген.

Өнер иесіне бірі қыз, бірі ұл сыйласа да, олардың ешқайсысы әншінің заңды әйелі атанған жоқ.

Рэпер қазіргі сүйіктісі Анастасия Решетовамен 2015 жылдан бастап кездесіп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1827894-timatidi-bryngy-zne-kazirgi-sjiktisi-birge-zarnamaga-tsip-eldi-tagaldyrdy-foto/

pixel