Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда жетінші сынып оқушысын мектеп дәретханасында зорлап кетті

Опубликовано:

Өткен аптада қазақстандықтарды Таразда мектеп оқушысын зорлап кеткені туралы жаңалық елең еткізді. Шулы оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды деп хабарлайды КТК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Таразда жетінші сынып оқушысын мектеп дәретханасында зорлап кетті
КТК бейнематериалынан кадр: UGC

Зардап шеккен қыздың жасы 12-де екені расталды. Ол сабақ уақытында дәретханаға шығып, сол жерде педофилдің құрбаны болған.

Телеарнаның хабарлауынша, күдікті адам мектепте орнатылған барлық камераларға түскен, бірақ, ешкім бейтаныс адамға назар аудармаған, ал, мониторларды бақылайтын диспетчер жұмыс орнында болмаған.

Оқушылардың ата-аналары болған жайтқа қатты қапалануда: олар енді балаларын сабаққа жіберуге де қорқады. Олардың айтуынша, бұл мәселені оқу орны басшылығына бірнеше рет көтерген, алайда оған құлақ асқандар болмаған. Енді мектеп оқушыларының ата-аналары директордың, тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың және диспетчердің жұмыстан босатылуын талап етуде.

Сондай-ақ, телеарна бүкіл мектеп үшін бір ғана дәретхана жұмыс істейтінін айта кетті, оның өзі көбіне белгісіз себептермен жабық тұрады. Осыған байланысты балалар кез-келген адам өтетін жерге сыртқа шығуға мәжбүр.

Дәл сол жерде жетінші сынып оқушысын зорлаған. Ол мұғалімге бірден болған оқиғаны айтып берді, соның арқасында күдікті бірнеше сағат бойы ішінде ұсталды.

Белгілі болғаны, ер адам 38 жаста, үйленбеген, бұған дейін ұрлық үшін сотталған.

Сонымен қатар, полиция ішкі тергеу жүргізуде, атап айтсақ, учаскеге жауапты полиция бөлімінің басшылығына қатысты. Болған оқиға үшін мектеп инспекторы да жауапқа тартылады.

Зардап шеккен мектеп оқушысының жағдайы қанағаттанарлық. Онымен психолог жұмыс істеуде.

Егер адамның кінәсі дәлелденсе, ол өмір бойы колонияға қамалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1827813-tarazda-zetinsi-synyp-okusysyn-mektep-drethanasynda-zorlap-ketti/

pixel