Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Гонконгте оқып жатқан қазақстандық студенттерді елге қайтуға шақыруда

Опубликовано:

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Гонконгта оқып жатқан қазақстандық студенттерге мәлімдеме жасады. Жаппай наразылыққа байланысты қазақстандықтарға қытайлық ауданынан кетуге кеңес беріледі. Қауіпсіздік мақсатында жергілікті университеттер сабақ тоқтатылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ведомство мәліметінше, Гонконгтің жоғары оқу орындары екінші семестрге дейін сабақтарды тоқтату немесе қашықтықтан оқыту бойынша онлайн-базаға көшу туралы шешім қабылдады.

Қытай ауданының университеттері бұндай қадамға наразылықтың шығуына және университеттер аумағында, сондай-ақ оларға іргелес аудандарда аухалдың шиеленісуіне байланысты барған.

Осыған байланысты сыртқы істер министрлігі Гонконгте оқып жатқан барлық студенттерді елге оралуға кеңес берілді.

Бүгінде жүзден астам студенттің Қазақстанға оралғаны белгілі болды. Жақын күндері тағы 40 студент ұшып келеді деп күтілуде.

Сонымен қатар сыртқы істер министрлігі студенттерді елге қайтаруға көмектесу үшін Aіr Astana әуе компаниясымен келіссөздер жүргізгені белгілі болды.

Сонымен қатар, ведомство Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік жағдайы тұрақтанғанша, Гонконгке аса бір қажеттілік туындамаса бармауға шақырды.

Сондай-ақ, СІМ ол жақта белгілі бір себептермен қалуға мәжбүр қазақстандықтар болса, оларды сақ болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827780-sim-gonkongte-okyp-zatkan-kazakstandyk-studentterdi-elge-kajtuga-sakyruda/

pixel