Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Меценат 4 млн аударды": Жалғызбасты аналарға үй салып беретін еріктілер туралы білесіз бе

Опубликовано:

Алматыда мамыр айында жұмысын бастаған «Асар үме» әлеуметтік жобасы жағдайы төмен он жанұяға үй салып берді. Еріктілерден құралған топ мүшелері бүгінге дейін елу баланы баспанамен қамтамасыз еткен. Әлеуметтік қор жетекшісі Асхат Нұрмашевтің айтуынша, көпбалалы және жалғызбасты аналарға көмектесудің ең үздік стратегиялық шешімі – үй әперу деп жазады KAZ.NUR.KZ.

асарр
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

«Асар үме» әлеуметтік жобасы 2019 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істеп келеді. Бұл жобаның ашылуына мұрындық болған – 70 жастағы кейуана Жақангер Ахатқызы.

20 жылдан астам уақыт бойы қайырымдылықпен айналысқан әжей көпбалалы аналардың күйзеліске ұшырау себебін анықтаған.

KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген жоба жетекшісі Асхат Нұрмашев азғантай уақытта атқарылған жұмыстардың көп екенін алға тартты.

«Біздің жобамыздың ашылуына себепкер болған бір жан бар. Ол - жасы жетпіске жақындаған Жақангер Ахатқызы. Біз өз арамызда ол кісіні апа немесе әже деп айтамыз.

Жақангер ана жетім балалар мен жалғызбасты аналардың жағдайына жақсы қанық. Жиырма жылдан бері осы мәселенің басы-қасында жүр. Біз осы кісі арқылы жетімдер үйіндегі балалардың басым көпшілігінің әке-шешесі тірі екенін білдік.

Көпбалалы аналардың біразы күйзеліске ұшырап, отбасын асырай алмай, кіші балалаларын жетімдер үйіне орналастырады екен. Оларға алғашында ай сайын барып тұрады, ал кейін түрлі себептермен алшақтап кетеді.

Содан соң сәбилер жетімдер үйінде мәңгілікке қалып қояды. Бұл жағдай қоғамдағы кез келген адамның жүрегін ауыртатыны хақ», - дейді Асхат мырза.
асарр
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Қор жетекшісінің айтуынша, Жақангер Ахатқызы жалғызбасты аналарға көмектесудің жолын тапқан.

«Оларға азық-түлік немесе киім мен дәрі-дәрмек апарудан шығар нәтиже аз. Жағдайы төмен жанұялар мұндайға үйреніп қалады да, үнемі өзгелерден көмек дәметіп отырады.

Ал оларға үй салып берсек, көптеген мәселенің беті бері қарайды. Міне, біздің «Асар үме» атты жобамыздың ашылуына осы жайттар себеп болды.

Мен Жақангер апамен танысқан соң, ол кісі өз ақылын айтты. Яғни, өз қаражатымыз бен меценаттар ақшасына үй салсақ, ақшамыз көпке жетпейді.

Сол себепті, әлеуметтік желіні пайдаланып, халықты оятайық деген тоқтамға келдік. Тиімді жұмыс істейтін, елге жаны ашитын, шын мәнінде көмекке мұқтаж отбасыларды табатын, үй салуға күші жететін волонтерлерді іздей бастадық.

Волонтерлар іске кіріскен соң, халық та қозғала бастады. 100, 1000, 5000 теңгеден ақша аудара бастады. Көп түкірсе көл емес пе, осылай мұқтаж жандарға үй сала бастадық», - дейді жоба жетекшісі.
асарр
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Алғашында Жақангер Ахатқызы тегін жер телімін беріп, құрылысқа қажетті бастапқы қаржыны да тапқан.

Кейін еріктілер жалғызбасты бес анаға арналған 5 пәтерлі үй салды. Жалпы есебі 25 бала аналарымен бірге пәтерге қоныстанып, бес жанұя баспаналы болды.

«Алда қыс келе жатыр. Күн суық. Сол себепті біз үй салуды уақытша тоқтатып, жиналған ақшаға үй сатып алуды бастадық. Бір ай бұрын халықтан жиналған қаржыға жеті балалы жалғыз басты анаға баспана алып бердік.

Бір қызығы, біз алдымен сегіз балалы ананы тапқан едік. Оған «Харекет» қоры үй сыйлаған екен. Кейін тізімде екінші орында тұрған анаға көңіл бөліп, халықтан ақша жинай бастадық.

  • Жалпы есебі 5,5 миллион ақша жиналып, сол сомаға үй іздей бастағанбыз.
Сол кезде өзін атамауды өтінген бір меценат 4 млн аударып, жеті баласы бар жалғызбасты анаға 9 жарым миллионның үйін әперуді өтінді. Біз қатты қуандық!», - дейді Асхат Нұрмашев.
асарр
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

«Асар үме» қоры бес жалғызбасты анаға арнап 5 пәтерлі екінші үйді аяқтады. Бүгінде жалпы есебі 25 бала өз баспаналарында тұрып жатыр.

«Алғашқы 9 отбасыға (жалпы есебі 43 бала) шамамен 24 млн теңге кетті. Қарапайым халықтан бөлек, меценаттар бөлген қаржы да бар.

Дегенмен, соңғы екі үйді халықтан жиналған ақшаға салдық. Біз өз күшімізге сендік және біздің халықтың қайырымды екеніне көз жетікздік.

асарр
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Бүгінге дейін осыған ұқсас жобалар нашар ұйымдастырылғанын түсіндік. Біз еріктілерге жол сілтеп, меценаттармен тәжірибе алмастық.

Енді өз қызметімізді кеңейтіп, ажырасудың алдын алуды және аз қамтылған отбасылардағы балалардың білім алуына мүмкіндік жасауды көздеп отырмыз», - дейді асарлықтар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827719-mecenat-4-mln-berdi-zalgyzbasty-analarga-j-syjlajtyn-eriktiler-eldi-sjsintti-foto/

pixel