Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда көлік жүргізушісі полиция қызметкерінің басын таспен ұрды

Опубликовано:

Маңғыстау өңіріндегі тас жолда апатқа ұшыраған автокөлік жүргізушісі оған көмек көрсетуге асығып жетіп келген полиция қызметкеріне шабуыл жасады. Ол тәртіп сақшасының басынан таспен ұрды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маңғыстауда көлік жүргізушісі полиция қызметкерінің басынан таспен ұрды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Ер адам шетелдік көлік құралын басқара алмай, Ақтау-Бейнеу тас жолындағы аударылып қалды.

Жол-көлік оқиғасы жұма күні кешкі уақытта орын алды деп хабарлайды Lada.kz.

Осы уақытта, басылымның хабарлауынша, жол бойында оқиғаны көрген және апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетпек болған полиция лейтенанты келе жатқан болатын.

Полицияда көлік жүргізушісінің полиция қызметкеріне агрессивті және себепсіз шабуыл жасағаны айтылды.

Құқық қорғау органдарында атап өткендей, ер адам полиция қызметкерінің басынан таспен ұрған. Нәтижесінде оған дәрігерлердің көмегі қажет болды.

Анықталғандай апат салдарынан зардап шеккен ер адам жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, кеуде тұсынан соққы алған.

Сараптама көрсеткендей, агрессивті жүргізуші ішімдік ішкен. Сонымен қатар, оның анализі ағзада каннабиноидты заттардың бар екенін көрсетті.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 380 бабы бойынша тіркелді. Тәртіп бұзушының облыс аумағынан кетуге құқығы жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827601-magystauda-klik-zrgizusisi-policia-kyzmetkerini-basynan-taspen-rdy/

pixel