Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

34 жастағы ару 200 келі салмақ тастап, өмірлік махаббатына тұрмысқа шықты

Опубликовано:

Никки Вебстер
Фото: UGC

34 жастағы Никки Вебстер есімді ару 200 келіге арықтап, өмір бойы сүйіп келген адамына тұрмысқа шықты. Арудың сөзінше, оған осыншалық ауыр сынақтан өтуге күш-жігер мен дәрігерлер көмектескен екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ top100ru.com-ға сілтеме жасап.

Никки өткен өмірін қорқынышпен еске алады.

Фото: top100ru.com
Фото: top100ru.com: UGC
"Артық салмақ мені жегідей жейді. Денемнің ауыратыны сонша, оған енді шыдай алмаймын. Тамақ менің жанды жеріме айналды. Енді ол мені өлітіріп жатыр", - деді ару.

Никкиді "Менің салмағым 300 келі" тележобасына шақырту алған сәтен басмтап Никкидің өмірі айтарлықтай өзгере бастапты.

34 жастағы ару 200 келі салмақ тастап, өмірлік махаббатына тұрмысқа шықты
Фото: top100ru.com: UGC

Артық салмақтың оның денсулығы үшін қауіпті екенін түсіне келе Никки емдеуші дәрігері доктор Назарданға жақын болу үшін Аризонадан Техасқа көшуді шешті.

Никки салмақты төмендету бойынша ота оның барлық мәселелерін шешеді деп үміттенді, бірақ ол үшін бір хирургиялық ота аздық етті.

Дәрігерлер оған отаның алдында кем дегенде 20 келіге салмақ тастау керек екенін айтты.

Үш ай ішінде Никки қажетті келіні азайта алды және ол асқазанды шунттау отасына дайындала бастады.

"Осы жылдың басында асқазанды шунттау отасынан кейін менің ең жақсы досым Майкл қайтыс болды. Менің де басымнан осындай жағдай өтуі мүмкін деген ой маған маза бермейді", — деп түсіндірді Никки.

Десе де, Никки ештеңеге қарамастан ота жасатты.

Ота сәтті өтті, бір жылдан кейін Никки 100 келіге салмақ тастады. Отаға дейін және одан кейін түсірілген суреттер адамды таңғалдырмай қоймайды. Қазір Никки - мүлдем басқа адам!

Қазір Никкидің салмағы 90 келі, ол өзінің жаңа салмағын сақтап, дұрыс тамақтануды қадағалауда. Никки сау әрі бақытты және өзін әрдайым жақсы сезінеді. Ал жақында Никки Маркус есімді өмірлік ғашығына тұрмысқа шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1827567-34-zastagy-aru-200-keli-salmak-tastap-mirlik-mahabbatyna-trmyska-sykty/

pixel