Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада алаяқ әйел қаржы пирамидасы арқылы адамдардан 60 млн теңге жинап алған

Опубликовано:

Елорданың құқық қорғаушылары азаматтарды қаржы пирамидасынан сақ болуға шақырады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазіргі уақытта қала сақшылары қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен қала тұрғыны (әйел) мен оның бірнеше сыбайласы бойынша іс жүргізіп жатыр. Істің жүргізілуіне 30 салымшының полицияға арыздануы себеп болып отыр.

WhatsApp арқылы "Реальные доходы 1", "Реальные доходы 2" және "Триумф" чаттарын құрған әйел астаналықтар мен басқа да өңірлерде тұратын азаматтардың ақшасын жинап алған.

"Азаматтардың сенімін, қаржылық сауатының аздығын пайдаланып, күдікті оларды бұл жобадан ешқандай қауіп жоқтығын айтып сендірген. Жобаға ақша салған адам 5-15 күннің ішінде 100 пайыздық кіріске ие болатынын алға тартқан. Азаматтар осылайша, жобаға 20 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін ақша салған. Салымшылардың басым көпшілігі ақшасын қайтара алмаған", - деп хабарлайды департаменттен.

Осылайша, тергеу нұсқасына сай, әккі әйелдің 32 адамды алдап, 60 млн теңге иемденгені анықталып отыр. Алайда алданғандардың саны одан да көп болуы мүмкін.

"Егер сіз немесе жақындарыңыз аталған қаржы пирамидасына ақша салып, алданған болса, Бейбітшілік көшесі 19 мекенжайындағы полиция департаментіне жүгінуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қалалық полиция департаменті азаматтарды қаржы пирамиадасынан сақ болуға, күдікті қаржылық ұйымдарға ақшаны салмауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827517-elordada-alaak-jel-karzy-piramidasy-arkyly-adamdardan-60-mln-tege-zinap-algan/

pixel