Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

200 млн теңгенің ұрлануы: Энергетика экс-вице-министрі Шкарупаға қатысты сот басталды

Опубликовано:

Бұрынғы Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қорының экс-төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Байдалы және "Energo" ЖШС директоры Ерлан Нәбиев 215 миллион теңгені ұрлады деген айыппен сот алдына келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Анатолий Шкарупа. Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі
Анатолий Шкарупа. Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі: Facebook

Жоғары лауазымды шенеуніктер мен кәсіпкер Саранды қалалықтардың жылу тұтынуын есепке алудың автоматтандырылған бағдарламасымен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 215 миллион теңге алды деп айыпталуда.

Бірақ, бұл қалада орталық қазандық жоқ. Ол қирап, қайта құру жылдарында жабылып қалған. Бірнеше онжылдықтар бойы сарандықтар пешпен жылынып келеді. Олар жоғарғы қабаттағы пәтерлерге көмір тасып, күл шығарады.

Анатолий Шкарупа бірнеше жыл Саран әкімі болған соң бұл мәселеден хабардар болған. Кейін ол Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, энергетика вице-министрі қызметіне дейін көтерілген.

Тергеу болжамы бойынша, үш сотталушы ақша алып, жылу есептегіш құралдарын сатып алған. Олар құралдарды бос қабырғаға қойып, үкімет алдында қала толық автоматтандырылған деп есеп берген.

Бас прокуратура істің шынайы жағдайын анықтады және ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (адамдар тобына сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету) бойынша Шкарупа, Байдалы және Нәбиевке қатысты қылмыстық іс қозғады.

Саран қалалық сотының судьясы Талғат Экзеков қылмыстық істі өз өндірісіне алды.

Айта кетерлік жайт, айыпталушының адвокаттары сотқа келмегендіктен, осыған дейін істі бастау мүмкін емес болды деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қорғаушы Владимир Халюткиннің айтуынша, іс астанада қаралуы тиіс.

Адвокаттар сотты Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы өтініш білдіріп отыр, себебі жабық трассаның салдарынан олар Қарағанды қаласына жете алмайды.

Ал Анатолий Шкарупа өз кінәсін мойындамайды. Ол бір жыл бойы өзін заңсыз ұстағанына сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827502-200-mln-tege-rlanuy-energetika-eks-vice-ministri-skarupaga-katysty-sot-bastaldy/

pixel